Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Білім беруді цифрландыру

Білім беруді цифрландыру - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

 

 

 

 

Облыстың білім беру жүйесінде цифрлық технологиялар көмегімен білім беру процесін жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралар іске асырылуда, олар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуды, Wi-Fi, цифрлық білім беру контентін енгізуді, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды, ІТ-мамандарды даярлауды қамтиды.

Барлық өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою және жолдама беру шараларын автоматтандыру.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілік проблемаларын шешу және кезектің қалыптасуы мен функциясы, сондай-ақ жолдама беру процесін автоматтандыру мақсатында барлық (100%) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кезектілікті автоматты бөлу және балабақшаларға жолдама беру жүйесі енгізілді.  2022 жылы автоматтандырылған құрылғы арқылы 1 қаңтардан 1 тамызға дейін 11 324 жолдама берілді.

Жүйелерді Ұлттық білім беру деректер қорымен (ҰБДҚ) интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілді. Ақпараттық жүйелерден алынған деректер ҰБДҚ-ға беріледі. Осылайша, контингент, білім беру мекемелерінің қызметкерлері туралы деректерді толтыру және ұсыну бойынша сыбайлас жемқорлық қаупі жойылады.

Орта білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті автоматтандыру.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен облысымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастады. Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы  ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады. 2022 жылдың 1 сәуірмен 1 тамыз аралығында облыс мектептеріне 19 865 бала қабылданды.

Мектептерді кең жолақты Интернет желісімен қамтамасыз ету.

2022 жылы ШҚО-ның барлық 342 мектебі 4 Мб/с және одан жоғары жылдамдықпен интернетке қосылған. Оның ішінде 191 (55,6%) мектеп жерүсті байланыс арналары бойынша, 34 (9,9%) мектеп сымсыз радиожиілікті байланыс арналары арқылы, 12 (3,5%) мектеп мобильді интернет арқылы, қалған 105 (30,7%) спутниктік интернет арқылы жұмыс істейді.

Мектептерді бейнебақылау жүесімен қамтамасыз ету.

Білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізіледі. Өңірдің 198 (57,9%) мектебінде аналогтық камералардан басқа цифрлық бейнебақылау жүйелері орнатылса, 144 (42,1%) мектепте аналогтық бейнекамералар орнатылған.

Облыста 114 мемлекеттік балабақша бар, оның барлығы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 22 (19,3%) балабақша аналогтық бейнекамерамен, 92 (80,7%)  балабақша цифрлық камерамен жабдықталған.

 

Күнделік.kz» электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі.

2021-2022 оқу жылында облыс мектептерінің «Күнделік.kz» электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесін толтыруы бойынша жұмыс жалғастырылуда. ШҚО білім басқармасының мамандары «Kundelik» БАЖ-дың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында ай сайын білім бөлімдерімен онлайн-кеңес өтіп отырды. Кеңесте осы бағыттағы проблемалық мәселелер талқыланды. «Kundelik»  ЖШС-мен бірлесіп оқыту вебинарлары ұйымдастырылды және өткізілді. 

Сондай-ақ білім басқармасының білім беру порталында (bilimvkoportal.kz) жүйеде жұмыс істеу бойынша барлық қажетті әдістемелік материалдар (нұсқаулықтар, бейнематериалдар) орналастырылған бөлім құрылды.

COVID-19 коронавирус пандемиясы кезінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 2021-2022 оқу жылында қашықтықтан оқитын мектептер Оnline mektep.kz, Daryn.online.kz, Edupage т.б. платформалардың көмегімен білім алды.

Қашықтықтан білім беру технологияларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Bilim Media Group» ЖШС (Оnline mektep.kz платформасы) және «Daryn.online» серверлері облыс аумағында орнатылған.

Облыс педагогтарына білім беру процесінде осы онлайн модульдерді қолдану бойынша онлайн-вебинарлар үнемі өткізіліп тұрды. Семинарларға жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдері, мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға жауапты білім беру бөлімдерінің мамандары қатысты.

Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану.

2022 жылы облыстың 343 (100%) мектебі «BilimLand» цифрлық білім беру ресурстарына, «iTest» ҰБТ-ға дайындық бағдарламасы және аудиовизуалды шығарма-анимациялық фильмдер жинақталған «iMektep» виртуалды оқыту кешеніндеріне қосылды. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану белсенділігін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Облыс мектептерінің мұғалімдеріне цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша онлайн кеңестер, көшпелі семинарлар өткізілді.

COVID-19 коронавирус пандемиясы кезінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 2021-2022 оқу жылында қашықтықтан білім беруге көшкен мектептер Оnline mektep.kz, Daryn.online.kz, Edupage т.б. сияқты платформалардың көмегімен білім алуда.

Облыс педагогтарына білім беру процесінде осы онлайн модульдерді қолдану бойынша онлайн-вебинарлар үнемі өткізіліп тұрады. Семинарларға жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдері, мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға жауапты білім беру бөлімдерінің мамандары қатысады.

 

Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы