Облыстық білім беру сапасын бағалау жүйесі (ОБСБЖ) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 2 маусымдағы №214 «Қазақстан Республикасында білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу туралы» бұйрығының негізінде және білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес құрылды. ОБСБЖ білім беру мазмұнының міндетті минимумына, МЖМБС, халықаралық зерттеулерге дайындыққа сәйкес жүзеге асырылатын білім сапасының мониторингімен айналысады. Облыстық білім беру сапасын бағалау қызметі бірнеше рет «Үздік облыстық білім беру сапасын бағалау қызметі» деп танылды.
Орталық халықаралық зерттеулер жүргізудің облыстық үйлестірушісі болып табылады. Халықаралық зерттеулер форматында тапсырмаларды шешу бойынша практикалық тренингтер өткізеді, балаларды білім беру сапасын бағалаудың республикалық және халықаралық зерттеулеріне дайындайды.
Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық зерттеулерге сапалы дайындалу мақсатында облыстық білім беру сапасын бағалау қызметі жыл сайын халықаралық зерттеулерге дайындық бойынша қадамдық жұмыс жоспарын әзірлейді және бекітеді. Сондай-ақ, жоғары деңгейлі тренерлерді тарта отырып, пән мұғалімдеріне арналған оқыту курстары, семинарлар, интерактивті сабақтар және вебинарлар тұрақты негізде өткізіледі (2019-2020 жылдары оқыту вебинарларына барлығы 300-ге жуық педагог қатысты). Білім беру порталында тест тапсырмаларының, әдістемелік құралдар мен тренингтердің базасы құрылды және орналастырылды (http://bilimvkoportal.kz «ШҚО білім беру сапасын бағалау» бөлімінде, «Халықаралық зерттеулер» санаты).
PISA халықаралық зерттеуі – 15 жастағы білім алушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылығы деңгейін бағалау. Жобаны экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді. Зерттеуді білім беру саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың қатысуымен Консорциум жүзеге асырады. PISA-2000 бірінші цикліне 43 ел, оның ішінде ЭЫДҰ-ның 34 мүшесі қатысты. PISA-2015-ке қатысушылар саны 71 ел болды. Зерттеу мақсаты: жалпыға міндетті білім алған оқушылардың қоғамда толыққанды қызмет атқаруы үшін қажетті білім мен дағдыға ие болуын бағалау (функционалдық сауаттылық), Сондай-ақ білім алушылардың білім алу жетістіктеріне әртүрлі факторлардың әсері зерттеледі. Бұл әлеуметтік-экономикалық аспектілер, білім беру ұйымдарының сипаттамасы және жасөспірімдердің мектептен тыс білім алу мүмкіндіктері. PISA жобасы білім берудің әртүрлі жүйелерін салыстыруға және білім берудің ұлттық стратегияларын әзірлеу кезінде ЭЫДҰ жетекші елдерінің тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Зерттеу үш жылдық циклмен жүргізіледі. Әр циклде басым бағыт анықталады. 2018 жылы жаратылыстану-ғылыми сауаттылық басым бағыт болды. ШҚО-да 2018 жылы ШҚО-ның 43 білім беру мекемесінен 836 бала қатысты, оның ішінде 2 – Назарбаев Зияткерлік мектебі, ТжКБ жүйесінің 6 оқу орны, 35 жалпы білім беру мектебі.
2015 жылмен салыстырғанда республика бойынша жалпы көрсеткіштер
«PISA-2018» пәндер бойынша көрсеткіштер
4-сынып оқушыларының мәтінімен жұмысын халықаралық бағалайтын PIRLS зерттеуі
Бұл жобаны да Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді. Оған үш негізгі бағыт кіреді: оқу деңгейі мен сапасын анықтау, оқылған мәтінді түсіну және балалардың 4 жылдан кейін digital PIRLS форматында негізгі ақпаратты алуы. Зерттеу бес жылдық кезеңмен өтеді. 2016 жылы біздің еліміз алғаш рет PIRLS зерттеуіне қатысты.
2016 жылғы мамыр айында ШҚО-ның 6 ауданы мен 3 қаласынан 294 оқушы халықаралық зерттеуге қатысты. Қазақстандық оқушылардың орташа балы 536 балды құрады. Бұл Қазақстанға 50 елдің ішінде 27-орынды иеленуге мүмкіндік берді. ШҚО бойынша орташа балл – 549.
16 өңірдің ішінде біздің облысы 6-орын алды.
2020 жылғы ақпан айында негізгі зерттеуге дайындық барысында облыс мектептерінің 4-сынып оқушыларының 159-ы алғаш рет компьютерлік тестілеуге қатысты. Бүгінгі таңда облыстың үздік педагогтері – бастауыш буын мұғалімдерінің қатарынан PIRLS халықаралық зерттеуі форматында тест тапсырмаларын құру бойынша жұмыс тобы құрылды.
2020 жылғы 6 қазанда облыстық ауқымда алғаш рет 4 кезекші сынып оқушылары арасында компьютерлік тестілеу өткізілді. Тестілеуге барлығы 1750 оқушы қатысты.
Цифрлық форматта тестілеу тұрақты негізде жүргізіледі.
Негізгі халықаралық зерттеу 2021 жылғы сәуір айында өтеді. 2021 жылы Қазақстанмен бірге 60 ел PIRLS 2021-ге қатысады.
TIMSS халықаралық зерттеуі – білім беру жүйесі әртүрлі елдердегі математикалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттары бойынша білім сапасын салыстырмалы бағалау және олардың деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау. Зерттеуге қатысушылар – 4-ші және 8-ші сынып оқушылары. Зерттеу әр 4 жыл сайын жүргізіледі.
TIMSS-2011 зерттеуінде Қазақстанның төртінші сынып оқушылары жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша 32-орын, ал математика бойынша 50 елдің рейтингінде 21-орынды иеленді. Өңірлер арасында Шығыс Қазақстанның 4-сынып оқушылары математика және жаратылыстану-ғылыми бағыттары бойынша Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан (60,6%) және Қызылорда облыстарынан (59,5%) кейін тапсырмаларды орындаудың 57,5% нәтижесімен республика бойынша 3-орын алды. Халықаралық зерттеу қорытындысы бойынша ШҚО Республиканың ең мықты өңірлерінің үштігіне кірді. Тапсырмаларды орындаудың 59,3% көрсеткішімен Республика өңірлерінің арасында ШҚО 8-сынып оқушылары 2-орын алды.
2015 жылы Қазақстан Республикасының оқушылары зерттеуге тағы да қатысты.
Зерттеуге ШҚО 15 мектебінің 4-сыныбынан 357 оқушы және 8-сыныптан 296 оқушысы қатысты. Қазақстанның 8-сынып оқушылары математика және жаратылыстану пәндерінен әлемнің 39 елінің арасында сәйкесінше 7 және 9 орындарды иеленді. Жаратылыстану ғылымдары бойынша Қазақстанның 4-сынып оқушылары 55 балл және математика бойынша 43 бал алды. Бұл зерттеуге қатысушы 49 елдің арасында 8-ші және 12-ші орын. TIMSS-2015 зерттеуінде ШҚО оқушылары Республика бойынша Алматы қаласы, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан кейін 4-орынға шықты. ШҚО мектептерінің 8-сынып оқушылары 588 балл және 4-сынып оқушылары 574 балл алды, бұл 16 өңір мен Республикалық маңызы бар үш қаланың арасында 2-орын алуға мүмкіндік берді.
2019 жылы Қазақстан Республикасы TIMSS халықаралық зерттеулерінің төртінші цикліне қатысты. Зерттеуге облыстың 11 мектебінен 4-сыныптың 505 оқушысы және 8-сыныптың 360 оқушысы қатысты. Зерттеу нәтижелері 2020 жылғы желтоқсан айында белгілі болады.
ICILS халықаралық зерттеуі – бұл 8-сынып оқушыларының IT-біліктілік деңгейін бағалау және олардың оқу жетістігіне әсерін анықтау. Зерттеу мынадай сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді: мектептегі білім оқушылардың IT-біліктіліктерін қалыптастыруға қалай ықпал етеді.
Бұл цифрлық ғасырда жас ұрпақтың компьютерлік және ақпараттық сауаттылық дағдыларына өте маңызды баға беретін алғашқы халықаралық зерттеу.
Зерттеудің мақсаты – білім беру жүйелеріне компьютерлік және ақпараттық сауаттылыққа байланысты білім беру бағдарламаларының контексті мен нәтижесін жақсы түсінуге ықпал ету және сол арқылы жас ұрпақтың қазіргі әлемде табысты қызмет етуге дайындығын қамтамасыз ету.
2018 жылы Қазақстан алғаш рет осы зерттеуге қатысты. Зерттеуге Шығыс Қазақстан облысының 9 оқу орнынан 105 оқушы қатысты.
Қазақстан Республикасының оқушылары 395 балл жинады. Шығыс Қазақстан оқушылары 378 балл алды. Бұл Республика бойынша 5-ші орын.
TALIS халықаралық зерттеуі – мұғалімдердің қызметін, жұмыс жағдайларын және мектептердегі білім беру ортасын бағалауға бағытталған ең ауқымды халықаралық зерттеу болып табылады. Қазақстан TALIS халықаралық зерттеуіне алғаш рет 2018 жылы қатысты.
Зерттеуге әлемнің 47 елінен мұғалімдер мен мектеп директорлары қатысты.
TALIS-2018 зертеуінде мектеп көшбасшылығы, мұғалімдердің кәсіби дамуы сияқты тақырыптарға баса назар аударылды.
Канада статистикалық агенттігі апробациялық зерттеуге қатысу үшін 5 өңірден 30 мектеп іріктеп алды – Астана қаласы, Атырау облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы.
ОБСБЖ қызметі халықаралық зерттеуден сәтті өту мақсатында жүйелі түрде әдіснамалық көшпелі семинарлар, вебинарлар және цифрлық форматта диагностика өткізеді. Облыстың 4000-нан астам педагогы TALIS-2018 негізгі зерттеуіне дайындық бойынша іс-шараларға қатысты.
Негізгі зерттеуге облыс мектептерінің 5-9 сыныптарында сабақ беретін 112 мұғалім және 6 мектеп директоры қатысты.
Нәтижелер 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болады.
Орталық білім беру мазмұнының міндетті минимумына, МЖМБС-ге сәйкес жүзеге асырылатын білім сапасының мониторингімен айналысады. Орталық әзірлеген инновациялық жобалардың бірі «Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың интерактивті диктанты және автоматтандырылған диагностикасы» жобасы болып табылады.
Жүйе бірегей болып табылады: диктант үш тілде – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі, диктант пен тестілеу нәтижелері автоматтандырылған режимде дайын болады, оқушы қателермен одан әрі жұмыс істеу үшін көрсеткіштері төмен тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі ұсынымдар алады.
Жүйе пәндер мен сыныптар бойынша негізгі біліктіліктерді тексеру үшін объективті баға береді. Тест банкі үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Жоба енгізілген сәттен бастап (2017 жылы) 48000-нан астам оқушыны қамти отырып, 50 интерактивті диктант және 125000-нан астам оқушыны қамти отырып, жалпы білім беретін пәндер бойынша 80 тестілеу өткізілді.
Оқушылардың білімін цифрлық форматта диагностикалау нәтижесі ШҚО оқушыларының білім сапасының тұрақты өсуі болып табылады.
3 жыл ішіндегі оқушылардың білім сапасы