«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста «Менің мектебім» акциясы жүзеге асырылған.
«Менің мектебім» акциясын іске асыру нәтижесінде облыстың барлық толық жинақталған мектептері 476 жаңа модификация және робототехника кабинеттерімен жабдықталған, сондай-ақ барлық шағын жинақталған мектептерге 2869 бірлік компьютерлік техника және 500-ге жуық интерактивті панель қойылды. Мұндай база бізге облыстың барлық мектептерінде ІТ-сыныптар ашуға мүмкіндік берді, онда оқушылар цифрлық технологияларға деген қызығушылықтарын дамытады және бағдарламалау, 3D модельдеу, робототехника бағыттары бойынша білім алады.
2019-2020 оқу жылында IT-сыныптардағы оқу бағдарламасы жетілдірілді, тереңдетілген бағдарлама әзірленді, оған жоғары деңгейлі Python тілінде бағдарламалау, ArduinoUno электрондық платформалары негізінде автоматтандырылған құрылғылар құру сияқты бөлімдер кірді. Бұл бағдарлама ҚР БҒМ-де сараптамадан өтті және IT-сыныптарды енгізуге келісілді.
.
Сонымен қатар, кәсіптік бағдар беру үшін жаңа мүмкіндіктер жасау және мектеп оқушыларының қазіргі заманғы кәсіби біліктіліктердің негіздерін игеруі мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) бағдарламалауды және оларды басқаруды оқытуға арналған оқу бағдарламасы құрылды. Бағдарлама сараптамалық бағалаудан өтті, ағымдағы оқу жылында пилоттық енгізу жоспарлануда. |
Курс ғылыми-техникалық білім, сыни ойлау дағдылары, белсенді коммуникация және командалық жұмыс негізінде оқушыларға ұшқышсыз ұшу аппараттарын нақты өмірде пайдалану және қолдану бойынша оқыту жүйесін құруға бағытталған. Мұндай кешенді пайдалану заманауи дрондар, робототехника және бағдарламалау техникасы саласындағы оқушылардың шығармашылығын дамытып қана қоймай, сонымен қатар зерттеу қызметінің тақырыбы кеңейетін информатика және робототехника сабақтарында оқушыларды ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға болашақ қызметінің, өз кәсібінің бағытын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.
Орталық IT-сыныптарда бағдарламалау, робототехника, Arduino, 3D модельдеу бойынша оқытуды ұйымдастыру үшін қосымша бейне сабақтар құру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл әдісті қолдану оқушылардың өз бетінше іздеу қабілеттерін дамытуға, оқу процесінде өмірлік мәселелерді шешу дағдыларын игеруге, инновациялық және компьютерлік технологияларды енгізу негізінде зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу ортасын құруға мүмкіндік береді. |
Жыл сайын облыстық IT форумдар, чемпионаттар, фестивальдар, хакатондар өткізіледі, онда IT-сынып оқушылары және колледждер мен ЖОО студенттері ғылыми-технологиялық және IT саласындағы өз жобаларын көрсетеді.
Оқушылар IТ-бағыттар бойынша алған білімдерін жыл сайынғы «Skills for Geeks» облыстық чемпионатында көрсетеді, оған облыстың барлық аудандары мен қалаларының командалары қатысады. Чемпионат 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.
2022 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бағдарламалау», «3D модельдеу» және «Робототехника» құзыреттіліктері бойынша 10+ және 14 +жас санаттары бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында тұрақты өткізілетін жыл сайынғы Skills for geeks онлайн чемпионаты өтті.
Чемпионатқа 28 құрама команданың 310-нан астам оқушысы қатысты, олар жарыстардың аудандық (қалалық) кезеңдерінің қорытындылары бойынша анықталды. Оқушылар ІТ-біліктілік бойынша сабақтарда алған барлық білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Жыл сайын «New generation» IT-фестивалі өткізіледі, онда облыс мектептерінің оқушылары ғылыми-техникалық саладағы өз жобаларын ұсынады. Оның мақсаты –ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласында педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту бойынша тәжірибе алмасу және жаңа технологиялар мен зерттеулерге қызығушылық танытатын балалар санын арттыру болып табылады.
2022 жылы жыл сайынғы «New generation» IT-фестивалінде білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологиялар ұсынылып, талқыланды, оқушылар IT-жобаларды әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты. АКТ қолдану саласындағы кәсіби біліктілікті жетілдіру және ақпараттық технологияларды қолданудағы озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында жоба жетекшілері – мұғалімдер үшін Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ және STEM Academia шеберлік сыныптарын өткізді.
Фестиваль қатысушылары «Kids Skills», «Maker Fest», «Junior Skills», «Startup-Жобалар», «Robotime», «ClusterPro» деп аталған 6 секторда өз жұмыстарын таныстырды.
Фестиваль қорытындысы бойынша тәуелсіз сарапшылар үздік IT жобаларды анықтады, ал «Көрермендер көзайымы» жүлдесі көрмеге келушілердің онлайн-дауыс беруі арқылы анықталды.
IT-бағыттар бойынша дарынды оқушылар Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырған облыстық, халықаралық іс-шараларға қатыса отырып, Startup жобаларын іске асыруға гранттарды ұтып алуға және қатысуға мүмкіндік алады. 2022 жылы «New Generation» IT-фестивалі аясында оқушылар арасындағы StartUp-жобалар байқауының қорытындысы шығарылды. Қатысуға білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы сияқты түрлі қызмет салаларын автоматтандыруға бағытталған 14 IT-жоба ұсынылды. Барлық 14 үміткерге ұсынылған IT-жобаларды іске асыруға грант бөлінді.
- мектеп оқушыларының IT-жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
- әрекеттер алгоритмі бекітілді.
- жобаларды іске асыру үшін жабдықтар мен қызметтерді сатып алу бойынша техникалық сипаттамалар әзірленді.
- Жобаларды іске асыру үшін ақшалай қаражат 2022 жылғы шілдеде «Парыз» қорынан аударылды.
Бүгінгі таңда барлық жобалар іске асырылу сатысында.
2019 жылдан бастап «Jastar Time» инновациялық орталығы ашылды, онда оқушылар 2D/3D графика, бағдарламалау, бейнефильмдер жасауды үйренеді. Сондай-ақ, орталық ІТ саласында тәжірибе мен идеялар алмасу үшін іскерлік алаңы ретінде қызмет етеді: жас әзірлеушілерді өздерінің StartUp-жобасын іске асыруға және оны сарапшылар мен ықтимал инвесторлар алдында көрсетуге үйретеді.
Курстар мектептен өзгеше арнайы модульдік оқыту бағдарламасы бойынша әзірленген және оны Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізеді. 2022 жылы «Jastar Time» инновациялық орталығында 66 оқушы курс аяқталғаны туралы сертификат алды, 48 оқушы «2D/3D графикамен жұмыс», «Бағдарламалау» бағыттары бойынша курстан өтеді.
Облыс әкімдігінің бастамасымен «Туған жерге – тағзым» акциясын іске асыру шеңберінде 2013 жылдың тамыз айында «Tylek.kz» сайты құрылды. 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаны бірдің – жүрегі бір» кіші жобасын іске асыру шеңберінде сайтитың «Туған жер/Мой родной край» жаңа бөлімі әзірленді. Орталық аудандық (қалалық) білім бөлімдерімен сайтты толтыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Сондай-ақ, мектептерге арналған әлеуметтік парақшалар құрылды, онда олар фотоматериалдармен өткен және алдағы оқиғалар туралы ақпаратты жүктей алады. Бүгінгі таңда тylek.kz сайтының әлеуметтік желісінде 29439 пайдаланушы авторизацияланды.
Tylek.kz сайты жұмысының нәтижесінде облыста меценаттық қозғалыс жанданды, 2017 жылдан бастап өз мектептеріне көмек көрсеткен 2809 меценат орналастырылды. Облыстың бұрынғы мектеп түлектері өз мектептері өткізетін іс-шаралар туралы алдын ала біліп, оларға белсенді қатысады. Талапкерлерге өз мансабында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген табысты жерлестерді үлгі тұтып мамандық таңдау оңай, олар өз болашағына жоспарлар құра алады.