Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Бастауыш сынып мұғалімдерінің «Қазіргі заманғы бастауыш мектеп: оқытуды, дамытуды, тәрбиелеуді басқару» форумына қатысуы туралы ақпарат

2022 жылғы 25 наурызда ШҚ ӨБЖТО директорының орынбасары Ж.Т. Сағандықова Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдерінің «Қазіргі бастауыш мектеп: оқыту, дамыту, тәрбиелеуді басқару» форумының сараптамалық сессиясының жұмысына қатысты. Бастауыш мектеп оқушыларын TIMSS және PIRLS халықаралық зерттеулер тапсырмаларының компьютерлік нұсқасын орындауға дайындау ерекшеліктері талқыланды.

Спикер аудиторияға қазақстандық оқушылардың тапсырмаларды цифрлық форматта орындау кезінде кездесетін қиындықтары туралы айтты. Атап өтсек, бұл өзін-өзі ұйымдастырумен байланысты қиындықтар және тестің компьютерлік форматпен өзара әрекеттесуінің қиындықтары. Өйткені, ақпаратты ұсынудың цифрлық форматы тек жаратылыстану ғылымын ғана емес, сонымен қатар оқу сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Мұғалімнің негізгі IT-біліктілігін дамыту бойынша жеткілікті жұмыс жүргізілгендіктен, зерттеу жүргізудің компьютерлік форматына көшу бастауыш сынып оқушыларында қиындық тудырмауы керек. Әрбір мектеп PIRLS және TIMSS халықаралық зерттеулерінің компьютерлік форматына болашақ төртінші сынып оқушыларын даярлау мақсатында үшінші сынып оқушыларымен жұмысты алдын ала бастауы тиіс.

25/03/2022 83
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы