Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Халықаралық зерттеулерге дайындық бойынша онлайн вебинар өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысының PISA-2022, ICILS-2023 және TIMSS-2023 халықаралық зерттеулеріне іріктеліп алынған білім беру ұйымдарының оқушылары зерттеуге сапалы дайындау мақсатында 2022 жылғы 25 наурызда Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «PISA-2022 халықаралық негізгі зерттеуін, ICILS-2023, TIMSS-2023 апробациялық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Вебинар барысында PISA-2022 негізгі зерттеуін, ICILS-2023 және TIMSS-2023 апробациялық зерттеулерін жүргізудің ұйымдастырушылық мәселелері қозғалды, сондай-ақ зерттеуге қатысушылардың негізгі функциялары түсіндірілді, ақпараттық-талдау орталығының іріктемесіне түскен негізгі білім беру ұйымдары оқушыларының кіру диагностикасының қорытындылары бойынша қысқаша талдамалық анықтама ұсынылды.
Негізгі зерттеу жүргізу тәртібіне ерекше назар аударылды. Сауалнамаларды толтыру, компьютерлік техниканы сәйкестікке тексеру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, вебинарды ұйымдастырушылар іс-шараға қатысушыларды зерттеу сценарийімен таныстырды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар онлайн аудиторияның сұрақтарына жауап беріп, жұмыс жоспарымен және негізгі зерттеуді өткізу кестесімен таныстырды.

25/03/2022 477
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ