Шығыс Қазақстан облысында 9 ақпаннан жыл сайынғы «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды, ол 1 маусымға дейін жалғасады.
⠀
Акцияның мақсаты – әр азаматты қайырымдылық іске тарту және оларды жүзеге асыруға атсалысу, ортақ күшпен балаларымыз бен жасөспірімдерімізге ізгі армандарын орындауға көмектесу.
⠀
Акция қатысушыларының санаты: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, көп балалы отбасының балалары, қамқорлық отбасындағы қамқоршысы әжесі, атасы немесе басқа қорғалмаған санаттағы тұлға болып табылатын балалар, Шығыс Қазақстан облысында тұратын табысы күнкөріс минимумынан төмен аз қамтылған, ата-анасы мүгедек болып табылатын отбасының балалары.
⠀
Осы акцияның шеңберінде қалалар мен аудандардың білім бөлімдері балалардың ең қажетті заттарды (киім, аяқ киім, кітап, дамыту ойындары, ойыншықтар, спорт жабдықтары, мемлекеттік мекемеден алу мүмкіндігі жоқ балаларды және жасөспірімдерді шығармашылық дамытуға арналған басқа заттар) алу өтінішін қарастырады.
⠀
20/05/2019
661