Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«Jasyl Mektep-2023» облыстық конкурсы

5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өтетін

«Jasyl Mektep-2023» облыстық конкурсын өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өтетін «Jasyl Mektep-2023» облыстық бейнероликтер конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу шартын айқындайды. Конкурсты Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» жобасы шеңберінде өткізеді.

Жасыл мектеп – мектеп оқушыларының оқу, танымдық, зерттеу және шығармашылық жобалау жұмыстары, конкурс экологияландыру, ғылыми білім, кәсіптік бағдарлау және мектеп басшылығымен сабақтан тыс уақытта оқушыларды ғылыми шығармашылыққа тарту бойынша жұмысты жандандыруға арналған. Оқушылардың іс-әрекеті нәтижесінде мәселелерді жоба түрінде шешу жолы пайда болады. Мәселелерді шешу жолдары практикалық сипатқа ие, ол оқушылардың өздері үшін маңызды. Конкурстың негізгі мақсаты оқушылардың экологиялық мәдениетін, сондай-ақ қоғамның саналы және жауапты тұтынушысын қалыптастыру болып табылады.

1.2. Конкурс ұйымдастырушысы: ШҚО ББ «Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы» КММ.

1.3. Осы Ереже конкурсқа қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін беріледі. Осы Ереже және конкурс туралы толық ақпарат https://vkrgcnto.edu.kz  ресми веб-сайтының «Іс-шаралар мен конкурстар» парағында орналастырылған.

 

  1. Конкурстың мәні, мақсаты мен міндеті

2.1. Конкурстың мәні облыс мектептері арасында үздік startup-жобаларды анықтау және іріктеу болып табылады.

2.2 Конкурстың мақсаты:

2.2.1 оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, танымдық белсенділігін, оқуға деген қызығушылығын және коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;

2.2.2 оқушылардың ғылыми-зерттеу және танымдық қызметін дамыту, жастардың ғылыммен және инженерлік іспен кәсіби шұғылдануына назар аудару және ынталандыру;

2.2.3 мектептердегі жобалау қызметінің жалпы деңгейін арттыру;

2.2.4 белсенді тәсіл арқылы оқушылардың білім беру үдерісінде білімнің пәндік салаларын интеграциялауға жәрдемдесу;

2.2.5 оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастырудың ең табысты тәжірибесін анықтау және оны мектеп мұғалімдерінің игеруі;

2.3 Конкурстың міндеттері:

2.3.1 оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне бейімділігі мен қызығушылықтарын ерте ашуға ықпал ету;

2.3.2 педагогтардың кәсібилігін арттыру, оқушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру, оларды қоғамдық тану және өзін-өзі таныту мүмкіндігі;

2.3.3 әртүрлі жастағы оқушыларды жобалық қызметке тарту үшін жағдай жасау.

 

 

  1. Қатысушының конкурстық жұмысына қойылатын талаптар,

конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

 

3.1. Конкурсқа облыс мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.

3.2. Өтінімдерді қабылдау konkurs2017_vko@mail.ru электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады.

3.3 Конкурс қатысушыларының құқығы:

  • Конкурс өткізудің шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алу;
  • осы Ереженің тармақтарын түсіндіру үшін Ұйымдастыру комитетіне жүгіну;
  • Конкурс жеңімпазы/жүлдегері деп танылған жағдайда тиісті куәлік алу.

Конкурста цифрлық демалыс аймағының жобалық жұмыстары қаралады:

- оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал ететін және оқушылар мен мұғалімдерге оң психофизиологиялық әсер ететін бөлме өсімдіктерінен «Жасыл бұрыш» жасау;

- цифрлық технологияларды енгізу (бір бағытты таңдау):

  1. ауадағы зиянды заттардың концентрациясын бақылауды автоматтандыру;
  2. бөлмедегі оттектің концентрациясын бақылауды автоматтандыру;
  3. ауаның ылғалдылығын өлшеуді бақылауды автоматтандыру,
  4. цифрлық демалыс аймағының жарықтандырылуын бақылауды автоматтандыру.

3.5 Кокурсқа қатысушылардың міндеттері:

3.5.1 конкурстың нысанасымен мұқият танысу, қатысушыларға, өтінімдер мен конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптарды оқу;

3.5.2 осы Ереженің шарттарына сәйкес өтінім мен конкурстық жұмысты (фото, видео, файл, жұмыс материалы) уақтылы ұсыну;

3.5.3 осы Ереженің талаптарын сақтау.

 

4.Конкурс өткізу және қорытынды шығару тәртібі

4.1. Конкурс үш кезеңнен тұрады:

4.1.1. I кезең – 2023 жылғы 30 қаңтардан 10 сәуірге дейін, сырттай іріктеу кезеңі;

4.1.2. II кезең – 2023 жылғы 11 сәуірден 13 сәуірге дейін қатысушылардың жұмыстарын бағалау бойынша қазылар алқасының жұмысы.

4.1.3. III кезең – 2023 жылғы 14 сәуір, қорытындылау және жеңімпаздарды жариялау.

       Іріктеу кезеңі барысында Конкурстың қазылар алқасы қатысушылардың өтінімдері мен конкурстық жұмыстарын сырттай бағалайды және үздік жұмыстарды – конкурстың финалистерін анықтайды.

4.2. Конкурс жеңімпаздарын қазылар алқасы тиісті бағалау парақтарын толтыру арқылы анықтайды. Қазылар алқасының барлық мүшелерінің бағалау нәтижелері қазылар алқасының хаттамасына енгізіледі, содан кейін оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.

4.3. Конкурс нәтижелері, жеңімпаздар мен жүлдегерлер туралы ақпаратты осы Ереженің 1.3-тармағында көрсетілген Конкурс ұйымдастырушылары веб-сайттарға жариялайды.

4.4. Егер қатысуға берілген өтінімдер саны 3-тен кем болса, Конкурс өтпеген болып есептеледі.

 

  1. Конкурсты ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының функциялары, құқықтары мен міндеттері

5.1 Осы Ережеге сәйкес ұйымдастыру комитеті:

5.1.1. Үміткерлердің өтінімдері мен конкурстық жұмыстарын қабылдауды және тіркеуді қамтамасыз етеді, олардың сараптамасын ұйымдастырады;

5.1.2. Қатысуы мүмкін қатысушылардың көпшілігін конкурс өтетіндігі туралы хабардар етеді;

5.1.3. Конкурсқа қатысушылардың электрондық пошта арқылы немесе ауызша жіберген сұрақтары бойынша осы Ережені, Конкурсты өткізу тәртібін, мерзімдері мен шарттарын түсіндіреді;

5.1.4. Барлық қатысушылар үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді;

5.1.5. Конкурс қатысушыларының дербес деректерін жинауды, өңдеуді және тиісті түрде сақтауды ұйымдастырады;

5.1.6. Конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді 2023 жылғы 14 сәуірге дейін жариялауға жол бермеуді қамтамасыз етеді.

5.1.7. Өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлерін айқындайды, сараптамалық карталарды бекітеді, әрбір критерий бойынша ең жоғары балды белгілейді. Конкурсқа ұсынылған өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері осы Ереженің 6-тармагында көрсетілген.

5.2. Конкурстың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құқықтары:

5.2.1. Жобаларды көпшілік алдында таныстыру кезінде жоғары нәтижелер көрсеткен қатысушыларды ынталандыру үшін Конкурсқа қосымша номинациялар енгізу, сондай-ақ бұқаралық білім беру практикасына енгізу үшін педагогикалық қоғамдастыққа олардың тәжірибесін ұсыну;

5.2.2. Үміткердің өтінімі осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қабылдаудан бас тарту;

5.2.3. Қатысушы зияткерлік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын бұзатын жалған ақпарат немесе материалдар берген жағдайда Конкурс қатысушылары құрамынан шығару;

 

  1. Өтінімді және конкурстық жұмыстарды бағалау әдістемесі мен критерийлері

 

6.1. Іріктеу кезеңінде Конкурстың қазылар алқасы келіп түскен өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды конкурс мақсаттарына, міндеттеріне сәйкестігі, сондай-ақ өтінімде ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы тұрғысынан іріктейді.

6.2. Конкурстың қорытынды кезеңінде қазылар алқасы презентацияларды және келесі критерийлер бойынша қорғалатын жобаларды бағалайды:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Критерий сипаттамасы

Балл саны

1.      

Жаңашылдығы

1-ден 5-ке дейін

2.      

Өзектілігі

1-ден 5-ке дейін

3.      

Жоба бірегейлігі

1-ден 5-ке дейін

4.      

Жоба креативтілігі

1-ден 5-ке дейін

5.      

Жоба тиімділігі

1-ден 5-ке дейін

6.      

Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

1-ден 5-ке дейін

7.      

Жоба ауқымдылығы

 

1-ден 5-ке дейін

Максималды ұпай

35  ұпай

 

  1. Жеңімпаздарды марапаттау

7.1. Конкурстың қорытындысы бойынша 1, 2, 3 орындар анықталады.

7.2. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен марапатталады.

Анықтама телефоны: 8(7232) 75-33-33, ШҚО ББ «ШҚ ӨБЖТО» КММ «Инновациялық жобаларды енгізу» бөлімі.

14/03/2023 289
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы