Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

3D-модельдеу және ЗD-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсы

5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілетін

3D-модельдеу және ЗD-баспа бойынша

облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже 5-11 сынып оқушылары арасында 3D-модельдеу және          ЗD-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастыру және өткізу шартын анықтайды. Конкурсты Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырады.

1.2. Конкурс ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы» КММ.

  • Осы Ереже конкурсқа қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін ұсынылады. Осы Ереже және конкурс туралы толық ақпаратпен ресми https://vkrgcnto.edu.kz веб-сайтында ұсынылған «Іс-шаралар мен конкурстар» бөлімінде танысуға болады.
  1. Конкурстың пәні, мақсаттары, міндеттері және тақырыбы
    • Конкурстың мәні 3D-принтерде басылып шығарылған үздік                 3D-модельдерді анықтау және іріктеу болып табылады.
    • Конкурс мақсаты:

2.2.1 балалар мен жастар арасында 3D-модельдеу және ЗD-баспа технологияларын, жобалық қызмет пен ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу, 3D-редакторлармен және ЗD-баспамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

2.2.2 педагогтарды оқу үдерісінде жаңа технологияларды қолдануға ынталандыру және оқытудың заманауи әдістері мен техникалық құралдарын қолданып білім сапасын арттыру;

2.2.3 ғылым мен технологияның жетістігіне және білімдегі инновациялық процестердің дамуына қоғамның назарын аударту.

  • Конкурстың міндеттері:

2.3.1  үш өлшемді компьютерлік модельдеуге қызығушылықты арттыру;

2.3.2  жалпы және сабақтан тыс білім беруде қолданылатын сапалы жобалардың санын арттыру;

2.3.3 оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту арқылы инженерлік білім берудің беделін арттыру.

2.3 Конкурстық жұмыстардың тақырыбы: Конкурстық жұмыс «Жасанды сана» тақырыбына әзірленуі тиіс, оны үміткер өтініммен бір мезгілде жібереді (жұмыстың фото, бейне материалдары).

  1. Қатысушыларға қойылатын талаптар, конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
  • Облыстың 5-11 сынып оқушылары Конкурс қатысушысы бола алады.
  • Конкурсқа қатысу үшін Үміткер 2023 жылғы 03 сәуірге дейін Ұйымдастыру комитетіне үлгі бойынша (үлгі қоса берілген) өтінім мен осы Ереженің шарттарына сәйкес Конкурстық жұмысты жібереді.
    • Өтінімдерді қабылдау konkurs2017_vko@mail.ru электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады.
  • Конкурс қатысушыларының құқықтары:
  • Конкурс өткізу шарты мен тәртібі туралы ақпаратты алу;
  • Осы Ереженің тармақтарына қатысты түсінік алу үшін Ұйымдастыру комитетімен байланысу;
  • конкурс жеңімпазы / жүлдегері деп танылған жағдайда тиісті куәлік айту.
    • Конкурс қатысушыларының міндеттері:

3.4.1 конкурс мәнімен, Қатысушыларға, өтінімдерге және Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптармен мұқият танысу;

3.4.2 осы Ереженің шарттарына сәйкес өтінім мен Конкурстық жұмысты уақтылы беру;

  • осы Ережені ұстануға міндетті.

4. Конкурсты өткізу мен қорытынды шығару тәртібі

4.1 Конкурс 3 кезеңнен тұрады:

4.1.1 I кезең – іріктеу кезеңі 2023 жылғы 23 қаңтар 03 сәуір аралығында қашықтықтан өткізіледі. Іріктеу кезеңі барысында Конкурстың Қазылар алқасы өтінімдер мен Конкурстық жұмыстарды қашықтықтан бағалап, үздік жұмыстарды – Конкурс Финалистерін анықтайды.

4.1.2 II кезең – 2023 жылғы 4-6 сәуір аралығында, қатысушылардың жұмыстарын бағалау бойынша қазылар алқасының жұмысы өткізіледі;

4.1.3 III кезең – 2023 жылғы 7 сәуір қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялау.

  • Конкурс жеңімпаздарын тиісті бағалау парағын толтыру арқылы Қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының барлық мүшелерінің бағалау қорытындылары Қазылар алқасы отырысының хаттамасына енгізіледі, кейін оған Қазылар алқасының мүшелері қол қояды.
  • Үздік 3D-модельдер 10-шы аймақаралық «New Generation» ІТ-фестивальде көрмеге қойылады.

4.4 Егер қатысуға өтінімдер саны 3-тен кем болса, Конкурс өткізілмеген болып табылады.

4.5 Конкурс қорытындысы, жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпаратты Конкурс Ұйымдастырушылары осы Ереженің 1.3-тармағында көрсетілген веб-сайттарға орналастырады.

5.     Қатысушының конкурстық жұмысына қойылатын талаптар

5.1 Конкурстық жұмыс мыналарды қамтуы тиіс:

5.1.1 Кәсіби және ашық бағдарламалық жасақтамада 3D моделдің бірізді құрылуын көрсету (4-5 фото Print Screen);

5.1.2 *.STL форматындағы электрондық 3D-модель;

5.1.3 Басып шығарылған 3D-модель көрсетілген ілеспе презентация (бейне жұмыс).

6.     Ұйымдастыру комитеті мен конкурс қазылар алқасының қызметі,

құқықтары мен міндеттері

  • Осы Ережеге сәйкес Ұйымдастыру комитеті:
    • Үміткерлердің өтінімдері мен конкурстық жұмыстарын қабылдап, тіркейді, оларды сараптайды;
    • Әлеуетті Қатысушылардың көпшілігіне Конкурс туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
    • Конкурсқа Қатысушылардың электрондық пошта немесе ауызша алынған өтінімдері бойынша Конкурстың осы Ережесін, тәртібін, мерзімі мен шарттарын түсіндіреді;
    • Конкурстың барлық қатысушыларына бірдей жағдайдың жасалуын қамтамасыз етеді.
    • Конкурс Қатысушыларының дербес деректерін жинау, өңдеу және тиісті түрде сақтауды ұйымдастырады;
    • Конкурс қорытындысы бойынша мәліметтердің 2023 жылғы 7 сәуірге дейін жарияланбауын қамтамасыз етеді;
    • Өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлерін анықтайды, сарапшы карталарын бекітеді, әр критерий бойынша максималды ұпайды белгілейді. Конкурс өтінімі мен конкурстық жұмысқа қойылатын бағалау критерийлері осы Ереженің 7- тармағында көрсетілген.
  • Конкурстың ұйымдастыру комитеті мен Қазылар алқасының құқықтары:

6.2.1.  жобаларды көпшілікке таныстыру кезінде жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар үшін Конкурсқа қосымша номинацияларды енгізу, сондай-ақ олардың жұмыс тәжірибесін жалпы білім беру практикасына енгізу үшін педагогикалық қоғамдастыққа ұсыну;

6.2.2. үміткердің өтінімін Осы Ереженің талаптарына сәйкес болмауы негізінде қабылдаудан бас тарту;

6.2.3. зияткерлік қызмет бойынша әрекеттегі заңнама нормаларын бұзатын күмәнді ақпарат немесе материал ұсынған қатысушыны Конкурс қатысушылары тізімінен алып тастау;

6.2.4. бұқаралық ақпарат құралдарына Конкурс қатысушыларымен, Ұйымдастыру комитеті және Қазылар алқасының мүшелерімен сұхбат ұйымдастыруға,сондай-ақ жарнамалық-ақпараттық мақсатта конкурстың барлық кезеңдерінде фото және видеоға түсіру.

7.                     Өтінім мен конкурстық жұмысты бағалау әдістері мен критерийлері

7.1. Конкурстың Қазылар алқасы іріктеу кезеңінде келіп түскен өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды Конкурс мақсатына, міндетіне, сондай-ақ Өтінімде берілген мәліметтердің анықтығына қарай іріктейді.

7.2. Соңғы кезеңде Қазылар алқасы презентациялар мен жобалардың қорғалуын келесі критерийлер бойынша бағалайды:

Критерий сипаттамасы

Ұпайлардың саны

1

Бұйымға кіретін модель мен бөлшектердің күрделілігі

1-ден 5-ке дейін

2

Бағдарлама мүмкіндіктерін қолданудың толықтығы

1-ден 5-ке дейін

3

Модельдің практикада қолданылуы

1-ден 5-ке дейін

4

Креативтік

1-ден 5-ке дейін

Максималды ұпай

20 Ұпай

          7.3. Конкурс қорытындысы осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес шығарылады.

  1. Жеңімпаздарды бағалау

8.1 Конкурс қорытындысы бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар анықталады.

8.2. Үздік 3D үлгілерін байқау ұйымдастырушысы басып шығарады;

8.3. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен марапатталады.

Анықтама үшін байланыс телефоны: 8(7232) 75-33-33, ШҚО ББ «ШҚ ӨБ ЖТО» КММ-ның «Инновациялық жобаларды енгізу» бөлімі.

20/01/2023 206
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы