Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

3D-модельдеу және ЗD-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсы

5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілетін 3D-модельдеу және ЗD-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже 5-11 сынып оқушылары арасында 3D-модельдеу және ЗD-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастыру және өткізу шартын анықтайды. Конкурсты Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырады.

1.2. Конкурс ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ.

  • Осы Ереже конкурсқа қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін ұсынылады. Осы Ереже және конкурс туралы толық ақпаратпен ресми https://vkrgcnto.edu.kz веб-сайтында ұсынылған «Іс-шаралар мен конкурстар» бөлімінде танысуға болады.
  1. Конкурстың пәні, мақсаттары, міндеттері және тақырыбы
  • Конкурстың мәні 3D-принтерде басылып шығарылған үздік                                        3D-модельдерді анықтау және іріктеу болып табылады.
  • Конкурс мақсаты:
    • балалар мен жастар арасында 3D-модельдеу және ЗD-баспа технологияларын, жобалық қызмет пен ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу, 3D-редакторлармен және ЗD-баспамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

2.2.2 педагогтарды оқу үдерісінде жаңа технологияларды қолдануға ынталандыру және оқытудың заманауи әдістері мен техникалық құралдарын қолданып білім сапасын арттыру;

2.2.3 ғылым мен технологияның жетістігіне және білімдегі инновациялық процестердің дамуына қоғамның назарын аударту.

  • Конкурстың міндеттері:

2.3.1 үш өлшемді компьютерлік модельдеуге қызығушылықты арттыру;

2.3.2  жалпы және сабақтан тыс білім беруде қолданылатын сапалы жобалардың санын арттыру;

2.3.3 оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту арқылы инженерлік білім берудің беделін арттыру.

2.3 Конкурстық жұмыстардың тақырыбы: Конкурстық жұмыс «Қиялы ғажайып жартылыстар» тақырыбына әзірленуі тиіс, оны үміткер өтініммен бір мезгілде жібереді (жұмыстың фото, бейне материалдары).

  1. Қатысушыларға қойылатын талаптар, конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Облыстың 5-11 сынып оқушылары Конкурс қатысушысы бола алады.

  • Конкурсқа қатысу үшін Үміткер 2024 жылғы 29 наурызға дейін Ұйымдастыру комитетіне үлгі бойынша (үлгі қоса берілген) өтінім мен осы Ереженің шарттарына сәйкес Конкурстық жұмысты жібереді.
    • Өтінімдерді қабылдау konkurs2017_vko@mail.ru электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады.
  • Конкурс қатысушыларының құқықтары:
  • конкурс өткізу шарты мен тәртібі туралы ақпаратты алу;
  • осы Ереженің тармақтарына қатысты түсінік алу үшін Ұйымдастыру комитетімен байланысу;
  • конкурс жеңімпазы / жүлдегері деп танылған жағдайда тиісті куәлік айту.
    • Конкурс қатысушыларының міндеттері:

3.4.1 конкурс мәнімен, Қатысушыларға, өтінімдерге және Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптармен мұқият танысу;

3.4.2 осы Ереженің шарттарына сәйкес өтінім мен Конкурстық жұмысты уақтылы беру;

  • осы Ережені ұстануға міндетті.

4. Конкурсты өткізу мен қорытынды шығару тәртібі

4.1 Конкурс 3 кезеңнен тұрады:

I кезең – 2024 жылғы 10 қаңтардан 29 наурызына дейін, өтінімдерді қабылдау;

II кезең – 2024 жылғы 1-5 сәуір аралығында, қатысушылардың жұмыстарын бағалау бойынша қазылар алқасының жұмысы өткізіледі;

III кезең – 2024 жылғы 8 сәуір қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялау.

4.2 Конкурс қорытындысы келесі веб-сайттарда жарияланады:

- ШҚО ББ https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/1?lang=ru;

- «Örken» ШҚӨББАДҒӘО» КММ https://vkrgcnto.edu.kz/ru/novosti/.

  • Үздік 3D-модельдер 11-ші аймақаралық «New Generation» ІТ-фестивальде көрмеге қойылады.

4.4 Егер қатысуға өтінімдер саны 3-тен кем болса, Конкурс өткізілмеген болып табылады.

  1. Қатысушының конкурстық жұмысына қойылатын талаптар
  • Конкурстық жұмыс мыналарды қамтуы тиіс:

5.2 кәсіби және ашық бағдарламалық жасақтамада 3D моделдің бірізді құрылуын көрсету (4-5 фото Print Screen);

  • *.STL форматындағы электрондық 3D-модель;
  • басып шығарылған 3D-модель көрсетілген ілеспе презентация (бейне ролик).

6.Ұйымдастыру комитеті мен конкурс қазылар алқасының қызметі,

құқықтары мен міндеттері

  • Осы Ережеге сәйкес Ұйымдастыру комитеті:
    • үміткерлердің өтінімдері мен конкурстық жұмыстарын қабылдап, тіркейді, оларды сараптайды;
    • әлеуетті Қатысушылардың көпшілігіне Конкурс туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
    • конкурсқа Қатысушылардың электрондық пошта немесе ауызша алынған өтінімдері бойынша Конкурстың осы Ережесін, тәртібін, мерзімі мен шарттарын түсіндіреді;
    • конкурстың барлық қатысушыларына бірдей жағдайдың жасалуын қамтамасыз етеді;
    • конкурс Қатысушыларының дербес деректерін жинау, өңдеу және тиісті түрде сақтауды ұйымдастырады;
    • конкурс қорытындысы бойынша мәліметтердің 2024 жылғы 8 сәуірге дейін жарияланбауын қамтамасыз етеді.
  • Конкурстың ұйымдастыру комитеті мен Қазылар алқасының құқықтары:

6.2.1 жобаларды көпшілікке таныстыру кезінде жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар үшін Конкурсқа қосымша номинацияларды енгізу, сондай-ақ олардың жұмыс тәжірибесін жалпы білім беру практикасына енгізу үшін педагогикалық қоғамдастыққа ұсыну;

6.2.2. үміткердің өтінімін Осы Ереженің талаптарына сәйкес болмауы негізінде қабылдаудан бас тарту;

6.2.3. зияткерлік қызмет бойынша әрекеттегі заңнама нормаларын бұзатын күмәнді ақпарат немесе материал ұсынған қатысушыны Конкурс қатысушылары тізімінен алып тастау;

        6.2.4 бұқаралық ақпарат құралдарына Конкурс қатысушыларымен, Ұйымдастыру комитеті және Қазылар алқасының мүшелерімен сұхбат ұйымдастыруға,сондай-ақ жарнамалық-ақпараттық мақсатта конкурстың барлық кезеңдерінде фото және видеоға түсіру.

7.  Конкурстық жұмысты  критерийлері

Критерий сипаттамасы

Ұпайлардың саны

1

Бұйымға кіретін модель мен бөлшектердің күрделілігі

1-ден 5-ке дейін

2

Бағдарлама мүмкіндіктерін қолданудың толықтығы

1-ден 5-ке дейін

3

Модельдің практикада қолданылуы

1-ден 5-ке дейін

4

Креативтік

1-ден 5-ке дейін

Максималды ұпай

20  Ұпай

  1. Жеңімпаздарды бағалау

8.1 Конкурс қорытындысы бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар анықталады.

8.2. Жеңімпаздар грамоталармен, сертификаттармен марапатталады.

Анықтама үшін байланыс телефоны: 8(7232) 75-33-33, ШҚО ББ «Örken» ШҚОӨББАДҒӘО» КММ «Инновациялық жобаларды енгізу» бөлімі.

 

 

Директордың орынбасары                                                                  Ж. Сагандыкова

 

ИЖЕ әдістемелік бөлімнің басшысы                                                  А. Желпакова

 

 

 

№ 1 қосымша

 

5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілетін 3D-модельдеу және

ЗD-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсына қатысу

ӨТІНІМІ

 

 

  1. Білім беру ұйымы (аудан, мектеп)

________________________________________________________________________2. Жобалық жұмыстың авторы(лары) (аты-жөні, сыныбы) ________________________________________________________________________

  1. Жоба жетекшісі (аты-жөні, лауазымы)

________________________________________________________________________

  1. Қатысушының(лардың) байланыс ақпараты (байланыс телефоны және e-mail)

____________________________________________________________________

  1. Жоба жетекшісінің байланыс ақпараты (байланыс телефоны және e-mail) ____________________________________________________________________

 

  1. 3D-модельдің фотосы (print screen)

* Бағдарламалық жасақтамада 3D модельді бірізді құру, 4-5 фотосурет 

____________________________________________________________________

 

  1. 3D-модельдің бейне-презентациясы (bandicam)

____________________________________________________________________

 

  1. *.STL форматындағы 3D-модель

____________________________________________________________________

12/01/2024 622
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ