Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«Ұстазым, менің ұстазым!» облыстық бейнероликтер конкурсы

Ұстаздар күні мерекесі шеңберінде ұйымдастырылатын білім беру

ұйымдарының оқушылары арасындағы «Ұстазым, менің ұстазым» облыстық

бейнероликтер конкурсын өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

 

Жалпы ережелер

1.1. Ұстаздар күні мерекесі шеңберіндегі білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Ұстазым, менің ұстазым» облыстық бейнероликтер конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы өткізеді.

1.2. Негізгі мақсаты: мұғалім мамандығын дәріптеу және оқушылардың ақпараттық-графикалық мәдениетін арттыру.

1.3. Конкурстың негізгі міндеттері:

1.3.1 Ұстаздарды қолдау және педагог мамандығының мәртебесін арттыру, балалардың медиашығармашылығы мәселесіне қоғам назарын аудару.

  • Педагогикалық мамандықтың мәртебесін арттыру;
  • Оқушыларды жастардың заманауи ақпараттық технологиялық жұмыстарына қатыстыру;

1.4. Осы Ереже Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың барлығына танысуға беріледі. Өтінімдерді қабылдау өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының https://vkrgcnto.edu.kz ресми веб-сайтындағы «Іс-шаралар мен конкурстар» бөлімі немесе konkurs2017_vko@mail.ru электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Конкурсты ұйымдастыру комитеті

Конкурсты өткізуді қамтамасыз ету үшін ШҚО білім басқармасы, ШҚО ББ ШҚӨБЖТО, облыстық (өңірлік) орталықтардың өкілдерінен ұйымдастыру комитеті  қалыптасады. Ұйымдастыру комитетінің құрамы ШҚО ББ ШҚ ӨБЖТО бұйрығымен бекітіледі.

2.1. Ұйымдастыру комитеті келесі қызметтерді атқарады:

  • Конкурсқа қатысуға арналған жұмыстар мен өтінімдерді қабылдау және тіркеу;
  • қазылар алқасы отырысының уақытын тағайындау;
  • қазылар алқасы жұмысының қорытындыларын қарау және бекіту;
  • жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау.

2.2. Ұйымдастыру комитеті келесілерге құқылы:

2.2.1 өтініш берушінің ұсынылған материалдары Конкурс талаптарына сәйкес келмесе немесе Конкурсқа қатысуға берілген өтінім белгіленген мерзімнен кешіксе, Конкурсқа қатыстырудан бас тартуға;

2.2.2 белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға берген өтінімдер саны екіден кем болған жағдайда конкурсты өтпеген деп есептеуге;

2.2.3 білім сапасына бақылау жүргізу кезінде конкурстық материалдарды қолдануға.

2.3. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

2.3.1. Конкурстың барлық қатысушыларына бірдей жағдай жасау;

2.3.2. Конкурс ұйымдастырудың ашықтығын қамтамасыз ету, транспаренттілік қағидаларын сақтау.

 

3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Конкурс үш кезеңге бөлініп ұйымдастырылады және өткізіледі:

I кезең – 2022 жылғы 5 қыркүйектен 26 қыркүйекке дейін – жұмыстар konkurs2017_vko@mail.ru электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады.

II  кезең – 2022 жылғы 27 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін – қатысушылар жұмысын бағалау бойынша қазылар алқасының жұмысы.

III кезең – 2022 жылғы 30 қыркүйек, қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялау.

4. Қатысушылар

4.1. Конкурс жалпы білім беру, мамандандырылған және арнайы білім беру мекемелері мен балалар үйінің оқушылары арасында өткізіледі.

4.2. Конкурс қатысушылары бір оқу орнынан команда ретінде қатыса алады, сол сияқты кез келген қатысушы жеке өзі қатыса алады.

4.3. Қатысушы облыстық конкурсқа қатысуы үшін «ШҚО ББ»YouTube-арнасына жазылуы қажет.

        4.4. Жұмысты уақытында ұсынуға Конкурсқа қатысушы жауапты.

5. Конкурс мазмұны және конкурс материалдарына қойылатын талаптар

5.1. Конкурсқа берілген жұмыс, Конкурс тақырыбына сәйкес келуі керек.

5.2.  Жұмыс мұрағатта болуы қажет.

5.2.1. Мұрағатта келесілер болуы қажет: 

  • шығармашылық жұмыс туралы түсіндірмелік жазба;
  • шығармашылық жұмыс.

5.3. Ұсынылған материалдарға қойылатын талаптар:

   Қатысушылар бейнеролик жанрын өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, бейнеклип және т.с.с.).

  • Бейнероликтің минималды ажыратымдылығы – 4:3 үшін 480x360, 16:9 үшін 480x272.
  • Бейнеролик ұзақтығы 4 минуттан артық болмау қажет.
  • Қатысушының шешіміне қарай, бейнероликті түсіру және орнату кезінде арнайы бағдарламалар мен құрылғыларды қолдану.
  • Роликте фотосуреттер қолданылуы мүмкін.
  • Ролик сапалы жазылуы және онда бөгде жазбалардың болмауы керек. Жұмыста міндетті түрде білім беру ұйымы, атауы мен хронометражы, авторы жазылуы қажет.
  • Бейнероликтер саны шектелмеген.
  • Конкурс талаптарына сәйкес келмейтін роликтер конкурсқа қатыспайды.
  • Бейнероликте қатысушының тікелей қатысуы міндетті емес.

5.4. Автор (лар) өз өтінімдері арқылы жұмыстарының авторлығын растайды. Конкурстық жұмыста бөгде адамдардың құқығы бұзылған жағдайда, жұмыс авторы (лары) құқық бұзылушылыққа жауапты.

5.5. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды ұйымдастырушылар авторлық құқықты сақтай отырып, Конкурс қызметін әйгілеу және таныстыру үшін Интернетте, басқа бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша шартсыз және авторлық қаламақы төлемінсіз немесе басқа төлемдерсіз қолдана алады.

  1. Қазылар алқасы мүшелерінің жұмысты бағалау критерийлері

  6.1. Мазмұны (тақырыпқа сәйкес: ақпараттың толық болуы, мәлімделген тақырыпқа материалдардың сәйкестігі);

  6.2.    Сценарий (идея, материалды ұсыну сонылығы);

6.3.    Креативтілік;

6.4.    Актерлік шеберлік;

  • Бейнеәсерлер, дыбыстық сүйемелдеудің болуы.
  • Режиссура;
  • Операторлық шеберлік (жұмысты орындау кәсібилігі);
  • Жұмысты рәсімдеу мәдениеті.
  • Шығармашылық жаңашылдық.
  1. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібі

7.1. Қазылар алқасы ШҚО IT-қоғамдастығы кеңесінен және ШҚО БАҚ өкілдерінен анықталады.

7.2. Қазылар алқасы мүшелері ұсынылған материалдарды осы Ереженің
6-тармағындағы критерийлер бойынша бағалайды.

7.3. Қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды бағалайды және 1, 2, 3 орын иегерлерін анықтайды.

7.4. Қазылар алқасы дауыс берудің соңғы күніне дейін бір-бірімен ақылдаспай және басқа қазылардың бағалауы туралы ақпаратты білмей бағаны өздері қояды.

7.5. Конкурс жеңімпаздары мақтау қағаздары және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

  1. Жеңімпаздарды марапаттау

8.1. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталады.

         Анықтама телефондары: 8(7232) 75-33-33, ШҚО ББ «ШҚ ӨБЖТО» КММ «Инновациялық жобаларды енгізу» бөлімі.

05/09/2022 494
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы