Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«ŞYĞYS ÖRKENІ» ОБЛЫСТЫҚ ІТ-ХАКАТОНЫ

«ŞYĞYS ÖRKENІ» ОБЛЫСТЫҚ ІТ-ХАКАТОНЫН

ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

 

  1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

1.1 Қатысушы – Ережеде көрсетілген талаптарға жауап беретін, өз атынан жеке-дара немесе Команда құрамында әрекет ететін, Осы Ереженің шарттарына сәйкес Хакатонға қатысу үшін өтінім берген жеке тұлға. Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және/немесе аймақтық ЖОО-ның сырттай және күндізгі оқу формасымен оқитын 14-21 жастағы студенттер Хакатон қатысушысы бола алады.

1.2 Команда – өз атынан әрекет ететін, саны бірден төртке дейінгі, тапсырма орындауға біріккен Қатысушылар тобы. Әр Қатысушы тек бір ғана Команда құрамына кіре алады. Бір командадағы Қатысушылар саны 4-тен (төрттен) аспауы керек.

1.3 Жеңімпаздар – қазылар алқасының осы ережеде көрсетілген критерийлер негізінде бағалауы нәтижесінде, номинациялардың бірінде үздік деп саналған командалар.

1.4 Қорытынды – Қазылар алқасының бағалау критерийіне сәйкес келетін ұялы қосымша немесе веб-сервис, не болмаса ұялы қосымша немесе веб-сервис прототипі. Оған функционал сипаттамасы, дизайны, тапсырмалар орындау барысында командалар жасаған және қазылар алқасының бағалауына мерзімінде көрсетілген шығыс коды қоса берілген. Бір команда бір ғана нәтиже ұсына алады.

1.5 Тапсырма – командалар уақытында орындауы тиіс тапсырмалар. Тапсырмалар жоба әзірлеуден (нәтижеден) тұрады.

1.6 Қазылар алқасы – жобаларды бағалайтын және Хакатон жеңімпаздарын анықтайтын тұлғалар тобы. Қазылар алқасының құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері мен ІТ-компаниялардың өкілдері, сондай-ақ ІТ бағыттағы тәуелсіз сарапшылар (ІТ-технология бойынша ЖОО оқытушылары т.б.) кіреді.

1.7 Жетекші – Тапсырмаларды орындау барысында Командаларға кеңес беріп көмек көрсететін тұлғалар тобы.

1.8 Жоба (Нәтиже) – бағдарламалық өнім – өзінің немесе қоршаған ортаның параметрлерін өлшеуге, цифрлық бағдарлама шеңберінде бұл ақпаратты қолдануға және жіберуге мүмкіндік беретін, Ережеде көрсетілген Қазылар алқасының бағалау критерийіне сәйкес келетін, орнатылған технологиядан тұратын ұялы қосымша, веб-сервис, ұялы қосымша немесе веб-сервис прототипі, физикалық объектілер. Сондай-ақ тапсырмалар орындау барысында командалар жасаған және Ережеде көрсетілген уақытта қазылар алқасына ұсынылған функционал сипаттамасы, дизайны, шығыс коды қоса беріледі. Бір Команда бір ғана Нәтиже ұсынуға құқылы.

1.9 Хакатонның ресми сайты-Интернет желісінде орналастырылған және Хакатонға және қатысуға өтінімнің бағытына тікелей қатысы бар өзекті ақпаратты жариялауға арналған ақпараттық ресурс.

1.10 Хакатонның ұйымдастыру комитеті – Хакатонды даярлау және өткізу үшін құрылған Ұйымдастырушы қызметкерлерден тұратын алқалы орган.

1.11 Жұмыс комиссиясы – конкурстық іріктеуді мемлекеттік орган өкілдері мен сарапшылардан тұратын жұмыс комиссиясы жүзеге асырады.

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    • Осы Ереже мектеп оқушылары мен Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары мен ЖОО-лары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы облыстық «ŞYĞYS ÖRKENІ» ІТ-хакатонын (бұдан әрі – Хакатон) ұйымдастыру мақсатын, міндетін, ұйымдастыру тәртібін және өткізілуін анықтайды.
    • Хакатон дегеніміз үздіксіз «бағдарламашылар марафоны». Бұл «миға шабуыл» форматында өткізілетін, таңдалған пән саласы және аталған іс-шараның тақырыбы бойынша жаңа идеялардың туындауына ықпал ететін сайыс іс-шарасы (конкурс). Оның барысында бағдарламалық жасақтама әзірлеудің әртүрлі саласының мамандары (бағдарламашылар, дизайнерлер, менеджерлер) нәтижесінде жұмыс істеп тұрған прототип немесе дайын қосымша шығару үшін, және оларды Хакатон алаңында жүзеге асыру үшін қандай да бір проблеманы шешу мақсатында бірлесіп жұмыс істейді.
    • Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы (бұдан әрі – ұйымдастырушы).
    • Конкурсты Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы дайындайды және өткізеді.
    • Осы Ереже Хакатон ұйымдастырушысы мен Қатысушысының құқығы мен міндетін анықтайды. Сонымен қатар, Хакатонның ресми сайтының жолдарын ттолтыру кезінде Қолданушының ақпаратты көрсету тәртібін, осыған байланысты шектеулерді Қатысушылар ұсынатын кепілдікті анықтайды.
    • Хакатон шарттарын жариялау тиісті ақпарат пен осы Ережені Хакатонның ресми сайтындағы «Өтінім беру» бөлімінде орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
    • Ұйымдастырушы Хакатонды болдырмауға, аяқтауға, уақытша тоқтатуға немесе ұзартуға, сондай-ақ осы Ереженің кез келген шартын кез келген уақытта, кез келген себеппен өзгертуге құқылы, және бұл кезде ол Хакатон қатысушылары мен басқа тұлғалар алдында жауапты болмайды.
    • Хакатонға қатысты ұйымдастырушылық, ақпараттық және басқа шараларды өткізу үшін Ұйымдастырушы Хакатонның ұйымдастыру комитетін құрады.
    • Хакатон ҚР Азаматтық кодексінің «Сыйақыға жария уәде беру» 911- бабында қарастырылған ұғымдағы сыйақыға жария уәде беру болып табылмайды.

 

  1. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1 Хакатон өткізу мақсаттары:

  • бағдарламалау мен ақпараттық технологияларға қызығушылық танытатын мектеп оқушылары мен колледждер мен ЖОО студенттері үшін алаң жасау;
  • ІТ-технология саласында кәсіптік қоғамдастық пен біліктілікті дамыту;
  • бағдарламалау және ақпараттық технологиялар саласы бойынша шығармашыл жастардың бастамаларын қолдау;
  • қатысушыларға команда құрамында ІТ-сала бойынша бизнес-идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру;
  • жастар арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияны дәріптеу;
  • ІТ саласында біліктілігі жоғары мамандарды қалыптастыру;
  • ақпараттық технология саласында инновациялық шешімдерді белсенді енгізу арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарты.
    • Хакатонның негізгі міндеттері:
  • білімнің тиімділігін арттыру, өмір сүру жайлылығы және азаматтардың қауіпсіздігі үшін жалпыға қол жетімді инновациялық қосымшаларды және сервистерді жасау;
  • қатысушыларға өз идеяларын прототип және Start-Up жобалар түрінде жүзеге асыруға мүмкіндік беру;
  • бағдарламалық жасақтама жасау шеңберінде қатысушылардың өзара қарым-қатынас жасауына ықпал ету.

 

  1. ХАКАТОНДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ

4.1. Қатысушылар мен Командалар 2024 жылғы 26 қаңтар сағат 18:00-ге дейін тіркеледі. Хакатон 2024 жылғы 14-15 ақпан аралығында өткізіледі.

4.2. Хакатон аяқталғаннан кейін 3 сағат ішінде жобаларды қорғау және бағалау, сондай-ақ «New Generation» облыстық IT фестивалінде қорытындылау өтеді.

 

  1. ХАКАТОНҒА ҚАТЫСУҒА БЕРІЛГЕН ӨТІНІМДЕРДІ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ТӘРТІБІ
    • Хакатонға қатысуға өтінімдері жинақтау Хакатонның ресми сайтында жүзеге асырылады. Тақырыпқа, Өтінімге, Қатысушыға және Командаға қойылған талаптар осы Ереженің 5-7 бөлімдерінде көрсетілген.
    • Өтінімді Команда атынан Команда өкілі Хакатонның ресми сайтында береді. Жалғыз Қатысушылар өтінімді өз атынан береді.
    • Қатысушы өтінімнің электрондық формасын толтыру арқылы Хакатон ұйымдастырушысының дербес мәліметтерін өңдеуге келісім береді.
    • Өтінімді Команда өкілі берген жағдайда, осы Команданың әр Қатысушысы дербес мәліметтерді өңдеуге келісімін берген болып есептеледі. Команда өкілі Команданың әр Қатысушысынан дербес мәліметтерді өңдеуге келісім алғанына кепіл береді. Келісім алынбаған жағдайда, Қатысушылардың немесе үшінші тұлғаның (соның ішінде мемлекеттік органардың) барлық наразылықтарына Команда өкілі жауап береді.
    • Осы талаптарды орындамау техникалық ақаулардан Өтінімді тіркеуден бас тартудың және Қолданушыға Қатысушы мәртебесін бермеудің себебі болып табылады. Өтінімді тіркеуді (тіркеуден бас тартуды) растау Қолданушының Өтінімде көрсетілген электрондық поштасына жіберіледі.
    • Өтінімдерді алғашқы бағалауды Ұйымдастыру комитетінің мүшелері жүзеге асырады. Әр өтінімді Ұйымдастыру комитетінің кем дегенде екі мүшесі тәуелсіз бағалайды.
    • Ұйымдастыру комитетінің алғашқы бағалауының қорытындысы бойынша Хакатон қатысушыларының тізімі құрылады және ол Хакатонның ресми сайтында 4.1-тармақта көрсетілген мерзімде жарияланады.
    • Хакатон қатысушыларына Өтінімде көрсетілген электрондық поштасына қатысуды растау туралы хат келеді. Қатысуды растау үшін rgcnto@gmail.com электрондық поштасына осы Ереженің 4.1-тармағында көрсетілген мерзімге дейін жауап электрондық хат жолдау қажет. Растау жолданбаған жағдайда Өтінімді жіберуші қатысушылар тізімінен алынады.
    • Хакатон барысында қатысушылар берген және оған қатысуға қабылданған материалдар Ұйымдастырушының шешіміне қарай ақпараттық мақсатта ішінара жариялануы, көшірілуі немесе көрсетілуі мүмкін.
  2. ХАКАТОНҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ
    • Қатысушылар Хакатонның ресми сайтындағы электрондық тіркеу формасын толтыру арқылы осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мерзімге дейін тіркеледі.
    • Қатысушы электрондық тіркеу формасын толтыру кезінде келесі мәліметтерді жазуы керек: тегі, аты, әкесінің аты, Команданың аты (бар болған жағдайда), білім беру ұйымдары аты, ЖОО/колледж аты, электрондық пошта (e-mail), жасы (толық жасы), тұратын мекенжайы, жеке мәліметтерді өңдеуге келісім беру. Командалық өтінімдерге байланыс үшін ұялы телефон номерін міндетті түрде көрсету керек.
    • Қатысушы электрондық тіркеу формасын толтырған, тіркеуді раста батырмасын басқан және өзі көрсеткен электрондық поштаға шақыру алған жағдайда Хакатонға қатысу үшін тіркелген болып саналады.
    • Команданы тіркеу Қатысушыны тіркеумен бір уақытта, электрондық тіркеу формасын толтыру кезінде жүзеге асырылады.

6.5. Команда тек бір бағытты таңдай алады.

6.5.1. Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары;

6.5.2. ТжКБ /ЖОО студенттері.

  • Қатысушы бағдарламалық жасақтама Хакатонда жазылғанына және Хакатон шеңберінде әзірленген өнімдердің зияткерлік меншік құқығы Қатысушыға тиесілі екеніне, оларды қолдану және тарату Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік және/немесе үшінші тұлға құқығын бұзбайтынына кепіл береді.
  • Хакатон аяқталған соң Ұйымдастырушылар қатысушылардың зияткерлік еңбегінің өнімдерін және оларға деген құқықты алуға; хакатон қатысушыларын жалдауға немесе еңбекпен қамтуға міндетті емес.
  • Ұйымдастырушы Қатысушыларға ескертпей, олардың келісімін алмай ақпараттық және жарнамалық мақсатта Нәтижелердің сипаттамасын кез келген түрде түзетуге және жариялауға құқылы.
  • Ұйымдастырушы Хакатон шартын өзгертуге құқылы. Шартты өзгерту туралы ақпарат Хакатонның ресми сайтында жарияланады.

 

  1. ХАКАТОН ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН КОМАНДАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ұйымдастырушылар өкілдерінің талаптарын орындай отырып, Хакатон қатысушылары үшін тәртіп пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, өткізу орнында жалпы тәртіп пен серіктестік атмосферасын сақтау.

 

  1. ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН КРИТЕРИЯЛАРЫ

8.1 Хакатон қорытындысы Қатысушы Нәтижесін бағалау негізінде шығарылады.

8.2 Жұмыстардың нәтижесін Сарапшы қазылар алқасы бағалайды.

Бағалау екі кезеңде жүзеге асырылады: жартылай финалға іріктеу және қорытынды бағалау.

Жартылай финалда іріктеу критерийлері

Жартылай финалға шығу үшін әр команда Хакатон ұйымдастырушыларына 3 файлды (мұрағатты) беруі керек:

1) әзірлеу сипаттамасы (бейне форматында);

2) презентация;

3) қолданба файлдары (бастапқы код) немесе қосымша сілтемесі.

 

Критерийлер

Критерийлердің сипаттамасы

1

Жұмыс істейтін шешімнің болуы

Әрбір команда әзірлеуді көрсететін ұзақтығы 30 секундтан аспайтын бейнефайл жібереді. Немесе мәселені шешу жолын сипаттайтын файл (аты, бағдарламаның скриншоттары және т.б.)

2

Әзірлеудің берілген тапсырмаға сәйкестігі

Презентацияда мәселені шешу жолы сипатталған

 

 

 

Финалға өткен жобаларды бағалау критерийлері

Іріктеуден өткен командалар өз жобаларын қорғауға жіберіледі. Қорғау кезінде қатысушылар 7 минут ішінде өз шешімдерін көрсетуі керек.

Хакатон финалистерінің жобалары 5 критерий бойынша бағаланады. Барлық критерийлер бойынша бағалау 100 баллды құрайды.

 

Критерийлер

Сипаттамасы

Максималды балл

1

Ойлану және жаңашылдық идеялар

·         Тапсырманы шешу идеясы;

·         Таңдалған әдістің (әдістеменің) негізділігі;

·         Мәселені шешудің инновациялық тәсілі;

·         Қосымшаның мақсатын, тұтынушылар тобын және қолдану аясын анықтау.

15

2

Даму функционалдығы

Қосымшаның функционалдық мүмкіндіктерін сипаттау және олардың қойылған міндеттерді шешуге сәйкестігі

20

3

Іске асыру сапасы

·         Даму кезінде жаңа технологияларды қолдану;

·         Пайдаланудың қарапайымдылығы және интуитивті басқару элементтері;

·         Дұрыс жұмыс істеу;

·         Код сапасы;

·         Сыни қателіктердің болмауы.

30

4

Аяқталу дәрежесі

·         Шешімнің қолдануға дайын болу дәрежесі;

·         Масштабтау мүмкіндігі;

·         Пайдаланушыларға арналған нұсқаулықтың болуы

20

5

Жобаның тұсаукесері

·         Бағдарламаның, әдістердің және алгоритмдердің жұмысын сипаттайтын презентация сапасы (презентацияның дизайны мен мазмұны);

·         Команданың сөйлеу сапасы (тапсырманы түсіну, тақырыпты ашудың толықтығы, мәселені шешу стратегиясын ұсыну, презентация логикасы)

·         Қазылар алқасы мүшелерінің сұрақтарына жауаптардың толықтығы мен дұрыстығы.

15

Барлығы

100

 

8.3 Қатысушылар Нәтижесін Қазылар алқасына бағалауға беру критерийлері: ІТ-хакатон өнімі аздап жұмысқа қабілетті болуы керек, онда интерфейстер мен дизайн элементтері болуы тиіс.

8.4 Қатысушылар Нәтижесін таныстыру Live Demo форматында болады: жүзеге асырылған жобаның жұмысқа қабілеттілігі мен негізгі функционалын үлкен экранға жалғанған проектор немесе басқа құралға қосылған команданың кез келген құралынан көрсетеді. Ұйымдастырушылардың шешіміне қарай қатысушылар презентацияның бірнеше слайдын қосымша көрсете алады.

 

 

  1. ХАКАТОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

9.1 Хакатон қорытындыларын тіркеу әрбір бағыт бойынша хаттамаларда жүзеге асырылады.

9.2 Хакатон жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды хаттамамен ресімделген сараптамалық кеңестің қорытындысы негіз болып табылады.

9.3 Хакатонның әр бағыты бойынша жеңімпаздар (1-орын) мен жүлдегерлер (2-ші және 3-ші орындар) нәтижелер бойынша анықталады. Хакатон жеңімпазды «Үздік қосымша немесе қызмет» номинациясында марапаттайды.

9.4 Хакатон жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталады:

9.4.1 Дипломдар электронды түрде, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға.

9.4.2 1-орынға 60 АЕК-тен, 2-орынға 50 АЕК-тен аспайтын, 3-орынға 40 АЕК-тен аспайтын және «Үздік қосымша немесе қызмет» номинациясы үшін 30 АЕК-тен аспайтын бағалы сыйлықтар.

9.5 Барлық Хакатон қатысушылары тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға электрондық түрде қатысушы сертификатын алады.

9.6 Хакатон жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдер мен тәлімгерлер тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға электронды түрде алғыс хаттар алады.

9.7 Хакатон серіктестерінің өз номинацияларын ұсынуына рұқсат етіледі, егер номинация инновациялық шешімдерді қолдануды көздесе (мысалы: Кеңейтілген/виртуалды шындық технологиясын қолдану).

9.8. Хакатонның ұйымдастырушысы аталған номинацияларды өзгерту құқығын сақтайды, бірақ 2024 жылғы 29 ақпаннан кешіктірмей.

26/01/2024 167
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ