«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін білім беру
ұйымдарының оқушылары арасындағы
«Tuğan jerdіŋ tabiğaty»
облыстық фото/бейнероликтер конкурсын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1.1. Білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Tuğan jerdіŋ tabiğaty» фото/бейнероликтер конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ШҚО білім басқармасы өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығымен бірлесіп өткізеді.
1.2. Негізгі мақсаты: жасөспірім ұрпақтың кешенді білімін, Шығыс Қазақстанның өлкетануы туралы тұтас ұғымын қалыптастыру және жастардың зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық потенциалын фото/бейнеөнер арқылы дамыту;
1.3. Конкурстың негізгі міндеттері:
- Азаматтық-патриоттық сана-сезімді, кіші отанға деген махаббаты, мәдени және тарихи мұраға құрметті қалыптастыру;
- Балалардың туған өлкенің табиғатын танып білуде іздестіру-зерттеу қызметіне тарту арқылы өзін-өзі дамытуын және өздігінен білім алуын белсендіру;
- Туған өлкенің оң беделін қалыптастыру, тұрғылықты жеріне деген ұқыпты және жасампаз қарым-қатынасқа баулу;
- Жас сценаристерді, операторларды, актерлерді іздеу және қолдау;
- Осы Ереже конкурсқа қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін беріледі. Осы Ереже мен конкурс туралы толық ақпарат өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының https://vkrgcnto.edu.kz ресми веб-сайтының «Іс-шаралар мен конкурстар» бөліміне орналастырылады.
- Конкурстың ұйымдастырушы комитеті
Конкурсты өткізу мақсатында ұйымдастырушы комитеті құрылады.
2.1. Ұйымдастырушы комитетінің функциялары:
- Конкурсқа қатысуға өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау және тіркеу;
- қазылар алқасы отырысының уақытын бекіту;
- қазылар алқасы жұмысының қорытындысын қарау және бекіту;
- жеңімпазды және жүлдегерлерді марапаттау;
2.2. Ұйымдастырушы комитетінің құқығы:
- Өтініш берушінің ұсынылған материалдары Конкурс талаптарына сәйкес келмеген жағдайда немесе Конкурсқа қатысуға берілген өтінім белгіленген мерзімнен кешіксе, оның Конкурсқа қатыстырудан бас тарту;
- Белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер саны екіден кем болған жағдайда конкурс өтпейеді деп есептеу;
2.3. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
- Конкурсқа қатысушылардың барлығына тең жағдай жасау;
- Конкурс өтуінің жариялығын қамтамасыз ету, ашықтық принциптерін сақтау.
- Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1. Конкурс үш кезеңнен тұрады:
3.1.1. I кезең – 2022 жылғы 6 қыркүйектен 18 қазанға дейін бейне/фото жұмыстар konkurs2017_vko@mail.ru электрондық мекенжай арқылы қабылданады. Хат тақырыбына «Туған жердің табиғаты» деп міндетті түрде жазу қажет. Көрсетілмеген жағдайда конкурстық жұмыс қаралмайды.
3.1.2. II кезең – 2022 жылғы 18 қазаннан 21 қазанға дейін қатысушылар жұмысын бағалау бойынша қазылар алқасының жұмысы.
3.1.3 ІІІ кезең – 2022 жылғы 24 қазанда қорытынды шығарып, Конкурс жеңімпаздарын жариялау.
- Қатысушылар
4.1. Конкурс жалпы білім беру, мамандандырылған білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізіледі.
4.2. Конкурс қатысушылары бір оқу орнынан команда ретінде қатыса алады, сонымен қатар кез келген оқушы жеке қатысушы бола алады.
4.3. Әр аудандық/ қалалық білім бөлімдері конкурсқа қатысу үшін міндетті фото жұмыс және бейне материал жіберуі керек.
4.4. Әр қатысушы бірнеше Конкурстық жұмыс жібере алады.
4.5. Жұмыстың уақытында ұсынылуына Конкурсқа қатысушылар жауапты.
- Конкурс мазмұны және конкурс материалдарына қойылатын талаптар
5.1. Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының көрікті жерлерінде, ауылдар мен елді мекендер аумағында орналасқан түрлі табиғи байлық, мәдени, тарихи және туристік объектілер туралы сыр шертетін фото және бейне жұмыстар, сондай-ақ аталған жерлерде түскен оқушылардың суреттері (селфи) қабылданады.
5.2. Автор(лар) өз өтінімдері арқылы авторлығын растайды. Конкурстық жұмыста бөгде тұлғалардың құқығы бұзылған жағдайда, авторлық құқық бұзушылыққа жұмыс авторы (лары) жауапты.
5.3. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды ұйымдастырушылар авторлық құқықты сақтай отырып, Конкурс қызметін әйгілеу және таныту үшін Интернетте, сол сияқты басқа бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша шартсыз және авторлық қаламақы немесе төлемсіз қолдана алады.
5.4.Жұмыстың мазмұнынында келесілер болуы керек:
- Шығармашылық жұмыс туралы анықтама хат, онда автордың аты мен байланыс нөмірі жазылады;
- Шығармашылық жұмыс.
5.5. Көрсетілген фото материалдарға қойылатын талаптар:
- Қатысушы өзі түсірген фотолар ғана қабылданады;
- Жұмыста әртүрлі жоспарларды қолдану, композицияда «алтын қима» ережесін сақтау;
- Талапқа сай емес фотолар конкурсқа қатыспайды;
- Фотоларды басып шығаруға жеткілікті жоғары сапада өткізу қажет. Файлдың форматы – JPG;
- Ұйымдастырушылар жұмысты әрлеу кезінде шектеулерді қолданбауды ұсынады. Конкурсқа берілген жұмыста автордың су белгілері, қойылған қолы, мөрлердің және басқа да сәйкестендіру белгілерін қолдануы рұқсат етілмейді;
- Мөлшері. Суреттің биіктігі мен ені диапазоны 250-2500 пикселге (нүкте) жинақталуы керек .
5.6. Берілген бейнематериалдарға қойылатын талаптар:
- Бейнеролик жанрын қатысушылар өздері анықтайды (деректі кино, ойын түріндегі кино, репортаж және т.б.);
- Бейнероликтің минималды ажыратымдылығы 4:3- 480x360, 16:9- 480x272.
- Бейнероликтің ұзақтығы 4 минуттан аспауы керек;
- Қатысушының қалауы бойынша бейнероликке өңдеу жасауда, түсіруде арнайы бағдарламалар мен құрал-жабдықтар қолдану;
- Бейнероликте фотосуреттерді қолдануға болады;
- Дауыс сапасы нашар, бейнесі дірілдеген жұмыстар қабылданбайды;
- Ролик сапалы түсірілген, артық жазбаларсыз болуы керек. Жұмыстарға білім беретін мекеме, атауы, хронометраж, авторы жазылу керек;
- Бейнероликтер саны – шектеусіз;
- Талапқа сай келмейтін роликтер конкурсқа қатыспайды;
- Қатысушының бейнероликке түсуі міндетті емес.
- Қазылар алқасы мүшелерінің жұмысты бағалау критерийлері:
6.1. Қазылар алқасы ШҚО IT-қоғамдастығы кеңесінен және ШҚО БАҚ өкілдерінен анықталады.
Бейнежұмыстарды бағалау критерийлері:
- Мазмұны (тақырыпқа сәйкестігі: ақпараттық толық болуы, берілген тақырыпқа мәліметің сәйкес келуі, сюжеттің құрылуы және аяқталуы);
- Сценарий (идея, материалды ұсыну сонылығы);
- Жасампаздық;
- Актерлік шеберлік;
- Сапалы дыбыстық сүйемелдеудің, бейнеәсерлердің болуы;
- Режиссерлік көзқарас;
- Операторлық өнер (жұмысты орындау кәсібилігі);
- Қабылдауға қол жетімділігі және эмоциялық әсері;
- Шығармашылық жаңашылдығы;
6.2. Фотожұмыстарды бағалау критерийлері:
- Жұмыстың жалпы деңгейі
- Визуалды сауаттылық және конкурс талаптарына сәйкестігі
- Идеяның сонылығы және жаңашылдығы
- Композиция, динамикасы, түс және рең бірлігі
- Эмоциялық әсері
- «Алтын қима» принципі
- Фотодағы көп пландылық. (Алдыңғы, ортаңғы, алыс пландар)
- Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібі
7.1. Қазылар алқасының мүшелері ұсынылған материалдарды аталған Ереженің 6-тармағындағы критерийлер бойынша 10 баллдық шкаламен бағалайды.
7.2. Қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды бағалайды және келесіні анықтайды:
7.2.1.Қазылар алқасы дауыс берудің соңғы күніне дейін бір-бірімен ақылдаспай және басқа қазылардың бағалауы туралы ақпаратты білмей бағаны өзі қояды.
- Жеңімпаздарды марапаттау
8.1. Конкурстың қорытындысы бойынша келесілер анықталады:
- Конкурс жеңімпаздары - 1, 2, 3-орын иегерлері.
- «Кreativtı rejiser» номинациясының жүлдегері
«Şyğystyŋ bailyğy» номинациясы бойынша фото жұмыс жүлдегері
- Конкурс жеңімпаздары мадақтау қағаздарымен марапатталады.
Анықтама телефондары: 8(7232) 75-33-33, ШҚО ББ «ШҚ ӨБЖТО» КММ «Инновациялық жобаларды енгізу» бөлімі.