8-11 сынып оқушылары арасындағы қашықтықтан өткізілетін
«Jasandy Intellekt -2023» облыстық конкурс
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже 8-11 сынып оқушылары арасында «Jasandy Intellekt -2023» облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу шарттарын айқындайды. Конкурсты Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» жобасы аясында өткізеді.
Жасанды сана – бұл адамның танымдық функцияларын модельдеуге (оның ішінде алдын ала белгіленген алгоритмсіз өзін-өзі оқыту, шешім іздеу) және нақты тапсырмаларды орындау кезінде, кем дегенде, адамның зияткерлік іс-әрекетінің нәтижелерімен салыстырылатын нәтижелер алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдер жиынтығы. Технологиялық шешімдер кешеніне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, бағдарламалық қамтамасыз ету (оның ішінде машиналық оқыту әдістері), деректерді өңдеу және шешімдерді іздеу бойынша процестер мен сервистер кіреді;
1.2. Конкурс ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы» КММ.
1.3. Осы Ереже Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың барлығына танысуға беріледі. Осы ереже мен Конкурс туралы толық ақпарат Конкурс ұйымдастырушысының https://vkrgcnto.edu.kz ресми веб-сайтының «Іс шаралар мен конкурстар» бөлімінде ашық жарияланады.
- Конкурстың мәні, мақсаты мен міндеті
2.1. Конкурстың мәні жасанды сана саласындағы үздік жобаларды анықтау және іріктеу болып табылады.
2.2. Конкурс мақсаты: балалар мен жастарға жасанды сана технологияларын, жобалау қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу;
2.3. Конкрстың міндеттері:
2.3.1 балалар мен жастардың әмбебап жасанды сана құру бойынша жұмыс дағдыларын дамыту;
2.3.2 балалар мен жастарды IT саласы бойынша ерте кәсіби бағдарлау;
2.3.3 педагогтарды білім беру процесінде жаңа технологияларды іс жүзінде қолдануға ынталандыру;
2.3.4 оқытудың заманауи әдістері мен техникалық құралдарын пайдалана отырып, білім беру сапасын арттыру;
2.3.5 қоғамның назарын ғылым мен технологиялардың жетістіктеріне және білім берудегі инновациялық процестерді дамытуға аудару;
2.3.6 компьютер мен адам арасындағы өзара әрекеттесуді жақсарту, зияткерлік міндеттердің кең спектрін тиімді шешуге арналған құрал жасау.
2.3.7 оқушылардың оқу жетістіктері мен ІТ-сыныптардағы вариативтік курсты оқыту сапасын арттыру;
2.3.8 жалпы және мектептен тыс білім беруде пайдаланылуы мүмкін сапалы жобалардың санын арттыру.
- Қатысушыларға қойылатын талаптар, конкурс қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
- Конкурсқа облыстың 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.
- Өтінімдер өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының https://vkrgcnto.edu.kz ресми веб-сайтының «Іс шаралар мен конкурстар» бөлімі немесе konkurs2017_vko@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
- Конкурс қатысушыларының құқықтары:
- Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты алу;
- осы Ереженің тармақтарына қатысты түсінік алу үшін Ұйымдастыру комитетімен байланысу;
- Конкурс жеңімпазы/жүлдегері атанған жағдайда тиісті куәлік алу.
- Бағдарламаны әзірлеу кез келген бағдарламалау тілдерінің көмегімен жүзеге асырылады (С#, Python, С++ және т.б.), деректер базасын қолдана отырып, төменде көрсетілген бағыттардың бірін таңдауға болады:
- сараптамалық жүйелер (білімге негізделген жүйелер).
- бейнені тану жүйелері.
- сөйлеуді өңдеу жүйелері.
- визуалды ақпаратты өңдеу жүйелері.
- ойындар және машиналық шығармашылық.
- машиналық аударма жүйелері.
- жаңа білім алу жүйелері (оқыту және өзін-өзі оқыту).
- зияткерлік жүйелердің бағдарламалық жасақтамасы.
- жоспарлау жүйелері және ақылды роботтар.
- өзінің бірегей жобасы.
3.5. Қатысушылардың міндеті:
- байқау тақырыбымен мұқият танысып, қатысушыларға, өтінімдер мен конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптарды оқу;
- өтінім мен конкурстық жұмысты осы Ереженің шарттарына сәйкес уақтылы ұсыну;
- осы Ережені ұстану.
4. Конкурсты өткізу жне қорытынды шығару тәртібі
Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
4.1. Бірінші кезең – іріктеу кезеңі 2023 жылғы 20 ақпан мен 24 сәуір аралығында сырттай өткізіледі. Іріктеу турына қатысу үшін әзірленген жоба және оның жұмысы көрсетілген бейне-презентацияны (экран жазбасын) https://vkrgcnto.edu.kz сайтының «Іс-шаралар және конкурстар» бөлімінде немесе konkurs2017_vko@mail.ru электрондық поштасы арқылы өтініммен бірге жіберу қажет;
4.1.2. Екінші кезең – қатысушылардың жұмыстарын бағалау бойынша қазылар алқасының жұмысы, 2023 жылғы 25-27 сәуір аралығында өткізіледі.
Үшінші кезең – 2023 жылғы 28 сәуір, қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялау.
- Конкурс жеңімпаздарын тиісті бағалау парағын толтыру арқылы қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының барлық мүшелерінің бағалау қорытындылары қазылар алқасы отырысының хаттамасына енгізіледі, кейін оған қазылар алқасының мүшелері қол қояды. Қазылар алқасы құрамына ЖОО мен колледж оқытушылары, мемлекеттік мекеме және ІТ-компания қызметкерлері кіреді.
- Конкурс жүлдегерлері мен жеңімпаздары осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген Конкурс бағыттарына сәйкес анықталады.
- Конкурс қорытындысы, жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпаратты Конкурс Ұйымдастырушылары осы Ереженің 1.3-тармағында көрсетілген веб-сайттарға орналастырады.
- Конкурсқа қатысу өтінімі 3-тен кем болса Конкурс өткізілмеген болып саналады.
5. Ұйымдастыру комитеті мен конкурс қазылар алқасының қызметі, құқықтары мен міндеттері
- Осы Ережеге сәйкес Ұйымдастыру комитеті:
- Үміткерлердің өтінімдері мен конкурстық жұмыстарын қабылдап тіркейді, олардың сарапталуын ұйымдастырады;
- Ықтимал қатысушылардың көпшілігіне Кокурс туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
- Конкурс Қатысушыларына электрондық пошта немесе ауызша алынған өтінімдері бойынша Конкурстың осы Ережесін, тәртібін, мерзімі мен шарттарын түсіндіреді;
- Конкурстың барлық қатысушыларына бірдей жағдайдың жасалуын қамтамасыз етеді.
- Конкурс қатысушыларының дербес деректерін жинау, өңдеу және тиісті түрде сақтауды ұйымдастырады;
- Конкурс қорытындысы бойынша мәліметтердің 2022 жылғы 29 сәуірге дейін жарияланбауын қамтамасыз етеді;
- Өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлерін анықтайды, сарапшы карталарын бекітеді, әр критерий бойынша максималды ұпайды белгілейді. Конкурс өтінімі мен конкурстық жұмысқа қойылатын бағалау критерийлері осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген.
- Конкурстың ұйымдастыру комитеті мен Қазылар алқасының құқықтары
5.2.1. Жобаларды көпшілікке таныстыру кезінде жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар үшін Конкурсқа қосымша номинацияларды енгізуге, сондай-ақ олардың жұмыс тәжірибесін жалпы білім беру практикасына енгізу үшін педагогикалық қоғамдастыққа ұсынуға;
5.2.2. Үміткердің Осы Ереженің талаптарына сәйкес емес өтінімін қабылдаудан бас тартуға;
5.2.3. Зияткерлік қызмет бойынша әрекеттегі заңнама нормаларын бұзатын күмәнды ақпарат немесе материал ұсынған қатысушыны Конкурс қатысушылары тізімінен алып тастауға;
5.2.4. Бұқаралық ақпарат құралдарына Конкурс қатысушыларымен, Ұйымдастыру комитеті және Қазылар алқасының мүшелерімен сұхбат ұйымдастыруға, сондай-ақ жарнамалық-ақпараттық мақсатта конкурстың барлық кезеңдерінде фото және видеоға түсіруге құқылы.
6. Өтінім мен конкурстық жұмысты бағалау әдістері мен критерийлері
6.1. Конкурстың қазылар алқасы іріктеу кезеңінде келіп түскен өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды Конкурс мақсатына, міндетіне, сондай-ақ өтінімде берілген мәліметтердің анықтығына қарай іріктейді.
6.1. Соңғы кезеңде қазылар алқасы презентациялар мен жобалардың қорғалуын келесі критерийлер бойынша бағалайды:
№ |
Критерийдің сипаттамасы |
Балл |
1. |
Жобаның Конкурс бағыттарына сәйкестігі |
1-ден 5 балға дейін |
2. |
Жобаның Инновациялылығы |
1-ден 5 балға дейін |
3. |
Зерттеу мәселесінің негізділігі (мақсаты, міндеттері, гипотезасы тұжырымдалған) |
1-ден 5 балға дейін |
4. |
Жобаның ғылыми жаңалығы |
1-ден 5 балға дейін |
5. |
ЖИ ұқсас жүйелерін талдау |
1-ден 5 балға дейін |
6. |
Зерттеу әдістерін қолдану негіздемесі және олардың сипаттамасы |
1-ден 5 балға дейін |
7. |
Эксперименттік зерттеулердің сапасы |
1-ден 5 балға дейін |
8. |
Зерттеу мәселелерін шешу (мақсатқа жету, тапсырмаларды шешу, гипотезаны іске асыру) |
1-ден 5 балға дейін |
9. |
Жобаның келешекте қолданылу мүмкіндігі (одан әрі жетілдіру мүмкіндігі) және жобаны енгізу мүмкіндігі/енгізудің қолданыстағы практикасы |
1-ден 5 балға дейін |
10. |
Қатысушының сөз сөйлеу сапасы: - жүйенің бағдарламалық іске асырылуын көрсету; - анық және сауатты баяндау; - қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру сапасы. |
1-ден 5 балға дейін |
Максималды балл |
50 балл |
6.3. Конкурс қорытындысы осы Ереженің 3-бабында көрсетілген шарттарға сәйкес шығарылады.
- Жеңімпаздарды бағалау
7.1 Конкурс қорытындысы бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар анықталады.
7.2. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен марапатталады.
Анықтама алу үшін байланыс телефоны: 8(7232) 75-33-33, ШҚО ББ
«ШҚ ӨБ ЖТО» КММ-ның «Инновациялық жобаларды енгізу» бөлімі.