Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ШҚО ББ Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушыларға арналған интерактивті диктант және автоматтандырылған диагностика» жобасын іске асырады. Өз кезегінде жүйе бірегей болып табылады: диктант үш тілде – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі, диктант пен тестілеу нәтижелері автоматтандырылған режимде құрылады, оқушы қателермен одан әрі жұмыс істеу үшін көрсеткіштері төмен тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі ұсынымдар алады. Жүйе пәндер мен сыныптар бойынша негізгі біліктіліктерді тексеру үшін объективті баға береді. Тесттер банкі үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады.

Оқушылардың функционалдық және ақпараттық сауаттылығын мониторингілеуден басқа, диктант қатысушылардың практикалық білімдерін қолдана отырып, оқушылардың IT-дағдыларын өзектендіруге бағытталған.

Автоматтандырылған тестік құрылым барлық пәндер мен сыныптар арасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жаратылыстану-математика және гуманитарлық пәндер бойынша  балалардың білімін үй жағдайында бақылауға мүмкіндік береді. 

Тестік құрылымның негізгі құндылығы – тестілеуден өткеннен кейін біз қателерді, игерілген және игерілмеген дағдыларды, ұсыныстарды көреміз.

Бүгінгі күні бағдарламаның көмегімен біздің Алтын белгі үміткерлерін, халықаралық зерттеулерге қатысатын оқушыларды, үйде оқитын оқушыларды қашықтықтан тестілеуге мүмкіндігіміз бар.

Жоба бастапқыда цифрлық мониторинг құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар өз білімін тексеріп, арттырғысы келетін оқушыларға арналған тренажер ретінде де әзірленді.

Аталған цифрлық тегін тренажерды пайдаланудың арқасында біз облыс бойынша оқушылардың білім сапасының оң динамикасын байқаймыз (анықтама: 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 0,3%-ға артты, 2019-2020 оқу жылында білім сапасы 2,2%-ға артты). Сондай-ақ, автоматтандырылған тестік құрылымды пайдалану студенттердің лингвистикалық бағыттағы пәндер бойынша білім сапасын жақсартуға және осы пәндерді оқуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба енгізілген сәттен бастап (2017 жылы) 48000-нан астам оқушыны қамти отырып, 50 интерактивті диктант және 125000-нан астам оқушыны қамти отырып, жалпы білім беретін пәндер бойынша 80 тестілеу өткізілді.

2019-2020 оқу жылында оқытудың жаңартылған жүйесіне көшкен кезде диагностика форматы жетілдірілді. Тест тапсырмалары 5-10 сыныптарға ЖМЦ және ҚГҒ пәндері бойынша ТЖБ, БЖБ үшін бейімделді.

20/10/2020 2013
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ