Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында «Қазіргі білім беру және басқару»

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында «Қазіргі білім беру және басқару» - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 25 қаңтарда ауылдық мектеп директорларына, мектеп директорларының орынбасарларына  арналған «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында «Қазіргі білім беру және басқару» тақырыбында  облыстық онлайн-вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты – білім беру ұйымындағы  басшы кадрлардың мектеп басқарудағы жұмыс мазмұнын жаңғырту және олардың үздіксіз білім беру үдерісіндегі кәсіби шеберлігін арттыру.

Шара барысында спикерлер орта білім беру ұйымдарын басқаруға инновациялық көзқарас, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге жағдай жасау барысы бойынша  тірек мектеп басшылары:

  • Багисова Б. К., ШҚО ББ  Самар ауданы бойынша білім бөлімінің  «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ директоры  «Нәтижеге бағытталған білім»;
  • Акыбаева Н. Н., ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша  білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ директоры «Ауыл мектебі - әдістемелік, заманауи даму алаңында»;
  • Сапаргалиева Б. К., ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ директоры «Зерттеу жұмыстарымен жобалар арқылы білім сапасын көтеру»;
  • Уркумбаев Ж. К., ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Марқакөл  орта мектебі»  КММ мектеп директоры «Мектепті дамыту бағдарламасы – бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру»;
  • Сарбасова Г. С.,  ШҚО ББ  Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Білім беру ұйымында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Жобаға қатысушы тірек мектептер серіктестік мектептермен бірлесіп жасап жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Вебинарға ауылдық және шағын жинақты мектеп директорлары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары барлығы 100 адам қатысты.

Іс-шара  қатысушылары аталған семинардың маңыздылығын, өзектілігін және практикалық пайдалылығын атап өтті.

Модератор: Бошаева Гульнара Манашевна, білім беру ұйымдары қызметінің білім беру менеджменті және мониторингі бөлімінің әдіскері.

26/01/2024 36
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ