Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Рамазановтар педагогтар әулетінің өкілдерімен онлайн кездесу

Рамазановтар педагогтар әулетінің өкілдерімен онлайн кездесу - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 1 қазанда Рамазановтар педагогтар әулетінің өкілдерімен интерактивті сұхбат ұйымдастырды.

Студияның қонақтары педагогика саласының еңбек ардагері – Рамазанов Тоқтаубай Жантұрсынұлы, оның қызы – орыс тілі пәнінің мұғалімі Бегембаева Арайлы Тоқтаубайқызы және немересі – Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушысы Самиева Анар Серікқызы болды.

Кездесу диалог форматында өтті, жас журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ онлайн сұхбатқа облыстың барлық аудандары мен қалаларынан оқушылар қатысты.

Қонақтар тыңдаушыларға өздерінің еңбек жолдары туралы айтып, оқушылары мен серіктестерін еске алып, өмірдегі қызықты оқиғалармен бөлісті.

Кездесу соңында облыс оқушылары мен педагогтары онлайн форматта қонақтарды Мұғалімдер күнімен құттықтады, сондай-ақ, Тоқтаубай Жантұрсынұлы ұзақ жылдар бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет еткен Күршім ауданының Қалжыр орта мектебінің оқушылары жылы лебіздерін білдірді.

01/10/2020 142
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы