
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы мұғалімдер күнін мерекелеу аясында 2020 жылғы 5-30 қыркүйек аралығында мектеп оқушылары арасында «Ұстазым, менің ұстазым!» бейнероликтер байқауын өткізді.
Оқушылар бейнеролик форматында 170-тен астам байқау жұмысын ұсынды, онда олар өз құттықтаулары мен тілектерін білдірді.
Байқауға қатысушылар бейнеролик жанрын өздері анықтады: сұхбат, репортаж немесе бейнеклип. Сарапшылар идеяның бірегейлігі мен жасампаздығын, режиссурасын, оқушылардың операторлық өнерін, кейіпкерлердің актерлік шеберлігін, сондай-ақ материалды безендіру мәдениетін бағалады.
Үздік жұмыс иелеріне жүлделі орындар берілді:
Бірінші орын – Өскемен қ., Лев Гумилев атындағы №38 мектеп-гимназиясының 8 «Б» сынып оқушылары;
Екінші орын:
- Амангелдіев Асанәлі, Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейі
10 «А» сынып оқушысы;
- Өскемен қ. Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің оқушылары;
Үшінші орын:
- облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің 4 «В» сынып оқушылары;
- Абдилхаметов Ерасыл, Аягөз ауданының қалалық қазақ мектеп-лицейінің 1 «В» сынып оқушысы;
- Тарбағатай ауданының Боранбай би атындағы орта мектеп оқушылары.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!