
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 15 жасар оқушыларды PISA-2020 халықаралық зерттеуіне даярлау бойынша қадамдық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылғы 1-2 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің оқушыларына автоматтандырылған тестік құрылым арқылы математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша онлайн тест өткізеді.
Тестілеуге облыстың 71 колледжінен 2465 15 жасар студент қатысты.
Тестілеу қорытындысы бойынша үйлестірушілермен кеңес өткізу және колледж оқушылары үшін түзету жұмыстарының кестесін жасау жоспарлануда.
02/10/2020
109