Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 8 қазанда білім бөлімдерінің сайттарын бірыңғай форматта жүргізу мәселесі бойынша бейнеконференция режимінде кеңес өткізді.
Кеңеске аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
Кеңес барысында орталық директорының орынбасары Б.С. Қажыбекова аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің интернет-ресурстарына жүргізілген мониторинг нәтижелерін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңы негізінде білім беру ұйымдарының ресми сайттарын толтыру бойынша ұсыныс айтылды.
Кеңестің барлық қатысушыларына осы бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін қажетті материалдар берілді.
09/10/2020
213