Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«БЖБ/ТЖБ әзірлеу және өткізу бойынша онлайн платформа» тақырыбында вебинардың өткізілуі туралы

«БЖБ/ТЖБ әзірлеу және өткізу бойынша онлайн платформа» тақырыбында вебинардың өткізілуі туралы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

2021 жылғы 10 ақпанда ШҚО білім басқармасының өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Qamqor Business Solutions» ЖШС-мен бірлесіп, ZOOM платформасы арқылы «БЖБ/ТЖБ әзірлеу және өткізу бойынша онлайн платформа» презентациясын ұйымдастырды.

Онлайн кездесу барысында компанияның техникалық директоры Айдын Куникеев оқу ісі жөніндегі директорларды және аудандық/қалалық білім бөлімінің мамандарын емтихан тапсыруға арналған білім беру платформасының артықшылығымен таныстырды: БЖБ және ТЖБ әзірлеу, оқушыларды бақылауға арналған прокторинг, педагогпен толық кері байланыс, сабақ барысында білімді жедел тексеру.

Онлайн білім беру платформасы қашықтықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Платформаның мүмкіндіктері мектеп пәндерін қашықтықтан, интерактивті түрде оқуға және оқытуға, сондай-ақ оқу процесі мен оқу үлгерімін бақылауға мүмкіндік береді.

Қатысушылар kundelik.kz жүйесімен интеграция және компанияның жылдық қызметінің төлемі туралы сұрақтар қойды.

Аталған іс-шараға білім беру ұйымдары мен бөлімдерінің 100-ге жуық өкілдері қатысты.

10/02/2021 223
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы