Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Мектеп дамуына көзделген тәжірибе алмасу

Мектеп дамуына көзделген тәжірибе алмасу - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

2023 жылғы 24 қаңтарда ШҚО ББ "Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы" КММ Stem Academia компаниясымен бірлесіп Өскемен қаласының мектеп директорларының қатысуымен "Зерек" орталығы базасында мектептерді дамыту үшін көзделген тәжірибе алмасу бойынша семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 мың IT маман дайындау тапсырмасын орындауды қолдау мақсатында жаңа АКТ технологиялар көмегімен білім беру деңгейінің сапасын көтеруді, STEAM-технологиялар, автоматтандыру және робототехника, AI (жасанды интеллект) технологияларын білім саласына үздіксіз енгізу және пайдалану жолдарын ортада талқылау.

Семинардың арқасында қатысушылар: 

  • Физика, химия, биология пәндерін өткізуде қолданылатын ROQED бағдарламасымен және оның құралдарымен танысты;
  • STEM, STEAM, STREAM білім беру модельдерімен танысты және оларды ажыратты;
  • STEAM-технологиялар, автоматтандыру және робототехника, AI (жасанды интеллект) технологияларын білім саласына үздіксіз енгізу және пайдалану жолдарын талқылады;
  • Цифрлы білім берудегі аралас оқыту бойынша білімдерін арттырды.
07/02/2023 40
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы