Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«Тәуелсіздік жолы – 29 жыл өткен соң» халық аралық сабақ-дайджесті

«Тәуелсіздік жолы – 29 жыл өткен соң» халық аралық сабақ-дайджесті - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Татарстан Республикасының қатысуымен 2020 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік жолы – 29 жыл өткен соң» атты цифрлық форматта халықаралық дайджест сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты: IT-біліктілік пен тарихилық қағидасын жүзеге асыру арқылы экономика, саясат, мәдениет, сыртқы саясат тұрғысынан егемен Қазақстанның қалыптасу тарихына қатысты оқушылардың ақпараттық өрісін кеңейту.

Сабаққа Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының Қазан федералдық университетінің лицейі мен облыс мектептерінің оқушылары қатысты.

Сабақ барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында дамуының негізгі бағыттары айтылды.

Сондай-ақ, Татарстан студенттері республикалар арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы айтып, ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына үміт білдірді.

Сабаққа 600-ден астам оқушы мен педагог қатысты.

11/12/2020 314
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы