Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

ҰББДҚ жаңа көрсеткіштерін сапалы толтыру бойынша онлайн семинар

ҰББДҚ  жаңа көрсеткіштерін сапалы толтыру бойынша онлайн семинар - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ білім беру статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаментінің бас сарапшысы Р. Стамкуловпен бірлесіп, 2020 жылғы 14 қыркүйекте облыс мектептерінің Ұлттық білім беру деректер қорының көрсеткіштерін сапалы толтыру бойынша онлайн оқыту семинарын өткізді.

Ағымдағы жаңа оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігімен деректер қорының контингент, қызметкерлер, компьютерлендіру, материалдық-техникалық қор бөлімдеріне жаңа көрсеткіштер қосылды.

Семинарға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің, облыстық мамандандырылған, арнайы мектептердің деректер қорын толтыруға жауапты барлық мамандары қатысты. Семинарда жүйені толтыру кезіндегі қателерді жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

14/09/2020 192
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы