Облыс мектептерін PISA-2022 халықаралық зерттеуіне сапалы дайындау мақсатында, Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 14-15 желтоқсанда автоматтандырылған тестік құрылым арқылы математика, оқу және жаратылыстану сауаттылығы бойынша онлайн тестілеу өткізді. Тестілеуге облыс мектептерінің 8-сынып оқушылары қатысты.
Сұрақтар PISA-2022 жаңартылған стандарттарына барынша жақындастырылып әзірленді. Қателер көбінесе ақпараттық сауаттылық пен математикалық есептеулерге қатысты сұрақтарда болды.
Математикалық сауаттылық бойынша білім сапасы – 55%, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша – 70%, оқу (ақпараттық) сауаттылығы бойынша 67%-ды құрады.
Тестілеуге 2000-нан астам оқушы қатысты.
15/12/2020
409