Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының Қазан қаласында өткен (Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясы) С. Королев атындағы халықаралық жобалық конференцияға қатысуы

Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының Қазан қаласында өткен (Татарстан Республикасы, Ресей Федерациясы) С. Королев атындағы халықаралық жобалық конференцияға қатысуы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Технологиялық білім берудің сапасы мен беделін арттыру және оқушылардың инженерлік біліктілігін дамыту мақсатында Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы Қазан қаласының «Инженерлік орталығы» Татарстан Республикасының Білім министрлігінің қолдауымен жыл сайын С.Королев атындағы халықаралық жобалау конференциясын өткізеді, оған Қырғызстан, Башқұртстан, Удмуртия, Мордва елдерінің балалары қатысады.

2020 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасының оқушылар конференцияға алғаш рет қатысты. Қазақстан Республикасының көптеген жобаларының ішінен конференцияның қазылар алқасы Шығыс Қазақстаннан тек 4 жобаны таңдады:

- «Заманауи IT-технологияларды пайдалана отырып, роботтандырылған Ай станциясын басқару жүйесі», математика, физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицейдің оқушысы Котляров Денистің жобасы.

- «Роботтарды жеңілдетілген бағдарламалау», Өскемен қаласының №9 орта мектебінің оқушысы Плотников Артемнің жобасы;

- «Денсаулық есептеуіші», Өскемен қаласының №9 орта мектебінің оқушысы Ядгаров Джахнгирдің жобасы;

- «Робот-жеткізуші», облыстық IT-мектеп-лицейінің оқушылары Рахметуллин Әлімжан, Кузьмичев Богдан, Луговский Дмитрий жобасы.

Жобалық конференцияның қазылар алқасы біздің оқушыларымыздың жоғары кәсіби деңгейін атап өтті және ұсынылған өнімдерге қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, балалар 2020 жылғы 22 желтоқсанда өтетін «kazanforum.doc»  VII  Жалпыресейлік жоғары технологиялар форумына қатысуға шақырылды.

17/11/2020 123
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы