
Донорлық аналар мен жаңа туған нәрестелердің, хирургиялық процедуралар және табиғи апаттар кезінде зардап шеккен мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
Бүгін, 2020 жылғы 25 қыркүйекте ШҚ өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының көшпелі бригадасы қан алу шарасын ұйымдастырған.
Облыстық қан орталығы ШҚО-ның 13 ауданы мен Өскемен қаласының 25-тен астам денсаулық сақтау ұйымдарын қан компоненттерімен және препараттарымен қамтамасыз етеді. Тек донор болған адамның көмегімен ғана қан қорын және оның барлық мұқтаж адамдар үшін қол жетімділігін қамтамасыз етуге болады.
Донор болу игі және пайдалы іс! Біз көмекке мұқтаж пациенттердің өмірін ұзарту және жақсарту үшін қолдан келгенше үлес қосу мүмкіндігіне қуаныштымыз.