Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

«Жасанды сана» тақырыбындағы онлайн семинар

«Жасанды сана» тақырыбындағы онлайн семинар - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

  ШҚО ББ Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы QWANT бағдарламалау мектебінің өкілдерімен бірлесіп 2021 жылғы 26 қаңтарда облыстық мектептердің информатика пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Жасанды сана» тақырыбында онлайн вебинар өткізді.

  Аталған вебинарда QWANT бағдарламалау мектебінің өкілі Өмірбаев Бейбарыс «Digital Skills: Artificial Intelligence» тақырыбындағы презентациямен таныстырды.

  Вебинар барысында ол мұғалімдерді «Жасанды сана» ұғымымен, жасанды сананы пайдалану саласымен таныстырды, сондай-ақ сабақтары әртүрлі елдердің, соның ішінде Кремний алқабы (АҚШ) менторларының қатысуымен өтетін өз мектебі туралы ақпарат берді. Бейбарыс QWANT.КZ платформасымен таныстырып, жобаның миссиясы, оқыту әдістемесі мен бағдарламасы туралы айтып берді. Оқыту бағдарламасы бірнеше бағыттардан тұрады, оған жобалық оқыту, peer-to-peer әдісі және менторларды қолдау кіреді.

  Вебинар соңында IT-қауымдастық мұғалімдері облыс мектептеріне жасанды сана енгізу мүмкіндігін талқылады.

27/01/2021 183
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы