Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Абай атындағы мектеп-лицейі педагогтарының Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-мен танысуы

Абай атындағы мектеп-лицейі педагогтарының Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-мен танысуы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Шығыс Қазақстан өңірлік  білімдегі жаңа технологиялар орталығының ұйымдастыруымен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен ынтымақтастық аясында 2020 жылғы 30 қыркүйекте Абай ауданы Қарауыл аулының Абай атындағы мектеп-лицейі IT-бағытының педагогтары аталған ЖОО-ға барып қайтты.

Кездесудің негізгі мақсаты – мектептерде IT-білім беруді дамыту, IT-бағыттары бойынша жоғары технологиялық кадрларды даярлау саласындағы серіктес ЖОО-мен байланыс орнату.

Делегацияға Автоматтандыру және мехатроника бағыты, виртуалды және толықтырылған нақтылық бағыты бойынша білітілік және технологиялар трансфері орталығы, сондай-ақ университеттің мультимедиялық студиясы таныстырылды. Университет оқытушылары заманауи техниканың жұмысын көрсетті, бағдарламалық өнімдермен жұмыс жасады.

Сонымен қатар, мектеп-лицей педагогтары Өскемен қаласының Жас техниктер станциясына барып, балалардың техникалық шығармашылығын дамыту жөніндегі ұйымның жұмысымен танысты.

Осылайша, аталған кездесу облыстың IT-білімін дамыту игілігі үшін мектеп пен ЖОО арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға бастама болды.

30/09/2020 186
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы