
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 28 қыркүйекте мектепті, ТжКБ ұйымдарын PIRLS-2021, PISA-2021 халықаралық зерттеулеріне дайындау мәселелері бойынша онлайн кеңес өткізді.
Кеңеске қалалық және аудандық білім бөлімдерінің, колледждердің жауапты мамандары қатысты. Мамандар PISA-2018 халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша ШҚО нәтижелерімен, сондай-ақ алдағы зерттеулерге дайындық бойынша жұмыс жоспарымен танысты.
Кеңесте ұлттық білім беру деректер қорын сапалы толтыру және Kundelik.kz электрондық журналдарын жүргізу бойынша проблемалық мәселелер де айтылды.
28/09/2020
175