Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Мектепті басқарудың өзекті мәселелері

Мектепті басқарудың өзекті мәселелері - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 4 қаңтарда еңбек өтілі 1-3 жыл аралығындағы мектеп директорларына арналған «Мектепті басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында офлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – білім беру ұйымындағы жас басшы кадрлардың мектеп басқарудағы жұмыс мазмұнын жаңғырту және олардың үздіксіз білім беру үдерісіндегі кәсіби шеберлігін арттыру.

Шара барысында спикерлер  орта білім беру ұйымдарын басқару тәжірибесін тарату, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру, басқарудың жеке қасиеттері мен инновациялық тәсілдері ұсынылды.

ШҚО білім басқармасының  «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Ж.Сағандықова әдістемелік жетекшілік пен білім беру ұйымы аясында диалогтық алаңды жүзеге асыру бірлескен жұмыстың маңызды аспектісі болып табылатынын атап өтті.

Семинардың пленарлық бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша аға оқытушысы Г.О Берекполова «Қауіпсіз орта: мектеп пен отбасы серіктестікте» және Ауғанбаева Г.Б. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектеп» КММ директоры «Табысты мектеп үлгісін» көрсетті.

Практикалық бөлімде  тәжірибелі мектеп басшылары семинар қатысушыларына келесі тақырыптар бойынша жұмыстарын көрсетті:

- Карибаева М. К., ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ  «Мектепті басқарудағы білім беру менеджменті»;

- Таймова А.М. ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ,   «Басқарудың құқықтық негіздері. Құқықтық өзара іс-қимыл және кадр жұмысының негіздері»;

- Кадирова А. Ч., ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 49 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Құқықтық қатынастардың негіздері»;

- Нурканова С. Т., ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ  «Мектепті дамыту бағдарламасы қазіргі білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті жеке тұлғаның шарты ретінде»;

- Ауганбаева Г.Б., ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектеп» КММ  «Педагогикалық және басқарушы қызметкерлерді тарифтеу. Білім беру ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жөніндегі топты айқындау тәртібі»;

- Исканова Н. Е., ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ «Мемлекеттік білім беру стандарттары. Білім беру ұйымдарын лицензиялау, мемлекеттік аттестаттау».

Іс-шара  қатысушылары  аталған семинардың маңыздылығын, өзектілігін және практикалық пайдалылығын атап өтті.

Семинар қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.

05/01/2024 46
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ