
ШҚО әкімі Д.К. Ахметовтың тапсырмасы бойынша Балалар жылы аясында 2022 жылғы 19 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарының ақпараттық орталықтары бойынша жоғары сынып (7, 8, 9) экскурсияларының циклі басталды. Экскурсияның мақсаты - оқушылардың цифрлық технологиялар саласындағы білімдерін кеңейту, өндірістік процестің ғылыми негіздерімен таныстыру, "Smart city" бастамалары туралы түсінік беру, цифрлық технологияларды үйренуге ынталандыру.
№35 орта мектебінің оқушылары сағат 10.00-ден 12.55-ке дейін, №36 орта мектебінің оқушылары сағат 15.00-ден 17.55-ке дейін ШҚО кәсіпорындарының ақпараттық орталықтарына бару маршруты бойынша "Жас техниктер станциясы" КМҚК, Д.Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне, "Біріккен энергосервистік Компания" АҚ, Ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталығы, Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығына барды.
"Зерек" креативті білім беру орталығында оқушыларды робототехника, модельдеу үйірмелері, сондай-ақ туризм және геология, дизайн және т. б. секциялар қызықтырды.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде оқушыларға виртуалды және толықтырылған шынайылық және 3Д принтингті бойынша жабдықтарды , "АЛТЫН АЛТАЙ" мұражайын көрсетті.
"Біріккен энергосервистік Компания" АҚ балаларды электр энергиясының ақылды есептеуіштерімен жабдықтау бойынша кәсіпорынның жұмысымен, Ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталық бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет-112 және ақпараттық-анықтамалық қызмет-109 және "Jastar Time" инновациялық орталығы жұмысымен таныстырды, Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы "OSKEMENCARD" электрондық билеттеу жүйесінің жұмысын көрсетті. Оқушылар автобустарға арналған электронды карталарды жасауға қызығушылық танытты, өйткені оларды қала тұрғындары 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап қолдана бастады.
Жалпы, экскурсия оқушыларға пайдалы, ақпараттық және қызықты болды. Кейбір балалар үйірмелер мен секцияларға қатысуға ниет білдірді.
Әрі қарай экскурсия күніне екі рет (сағат 10.00 және 15.00) әр сейсенбі және бейсенбі күндері мамыр айының соңына дейін өткізіледі.