Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің тұрақты экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті. Ол өз үндеуінде оқушылардан бастап зейнеткерлерге дейінгі халықтың барлық топтары арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған білім беру бағдарламалары мен бастамаларын жүргізу қажеттігін айтты. Бұл саналы және жауапты қаржылық шешімдер қабылдауға қабілетті қаржылық тұрақты қоғам құруға ықпал етеді.
Облыста ағымдағы жылдың 7 тамызынан бастап мектеп педагогтері үшін қаржылық сауаттылық бойынша оқыту семинары басталды. Бағдарлама аясында 310 педагог оқытудан өтеді. Семинардың мақсаты білікті мұғалімдерді даярлау арқылы оқушылар арасында қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру болып табылады.