Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Қысқы демалыс мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік - сынып туралы ақпарат

Қысқы демалыс мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік - сынып туралы  ақпарат - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы қысқы демалыс мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес Шемонаиха, Глубокое аудандарының оқыту тілі орыс тіліндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдер үшін «Оқытудың тиімді әдістері – оқушыларды мемлекеттік тілді оқытуды ынталандыру құралдары» тақырыбында 2024ж. 4-5 қаңтарында шеберлік сыныбын өткізді.

Мақсаты – «Үздік тіл пәндері мұғалімі 2023» байқауының жеңімпаз  мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерімен таныстыру озық тәжірибелерін тарату.

ШҚО ББ Риддер қаласы білім бөлімінің «№ 2 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Үздік тіл пәндері мұғалімі 2023» байқауының жеңімпазы, облыс әкімі сыйлығының иегері Көшерова Бақытгүл Мұратбекқызы, Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Шемонаиха қаласының Ю. А. Гагарин атындағы № 3 жалпы орта  білім беретін мектебі» ғимаратында КММ өткізді. Шеберлік сынып «Әдістемелік алаң» форматында өтіп, әріптесі – Кажимолданова Жанар Толеуовнамен бірлесіп мұғалімдерге қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін ұсынды. Әдістемелік алаңға Шемонаиха ауданы бойынша 36 мұғалім қатысты.

Екінші шеберлік сыныбын Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Шемонаиха қаласының Ю.А.Гагарин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог- зерттеуші, «Үздік тіл пәндері мұғалімі 2023» байқауының жеңімпазы, облыс әкімі сыйлығының иегері Кусаинова Зухра Турсынбековна, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ ғимаратында өткізді. Зухра Турсынбековна өз әріптесі Омарова Ботакоз Тулюбаевнамен бірге өз іс-тәжірибелерінде мемлекеттік тілді үйретуде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін көрсетті. Семинарға Глубокое ауданы бойынша 39 мұғалім қатысты.

Кері байланыс барысында қатысушылар іс- шара ұйымдастырушыларына, спикерлерге, іс-тәжрибелерін таратып, кәсіби шеберліктерін таратқаны үшін алғыс білдірді. Семинар спикерлеріне сертификаттар табысталды.

08/01/2024 44
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ