Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Ұлан ауданының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған ағылшын тілі пәні бойынша өткен шеберлік- сынып туралы ақпарат

Ұлан ауданының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған ағылшын тілі пәні бойынша өткен шеберлік- сынып туралы ақпарат - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы қысқы каникул мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес Ұлан ауданының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласының «№46 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәнінің, педагог- зерттеуші ұстазы, «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі» байқауының жеңімпазы, облыс әкімі грантының иегері Раушан Жұмағалиқызы Мұхаметрахимова және аталған мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог - сарапшы Калиева Аяулым Уалбековна «Стандартты емес тапсырмалар арқылы ағылшын тілі сабағында коммуникативті дағдыларды дамыту» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.  Шеберлік сыныпқа аудандағы 32 мектептен 40 ағылшын тілі пәні мұғалімі қатысты. 

Шебер сынып барысында мұғалімдерге стандартты емес тапсырмалар арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдысын арттыру жолдарын ұсынылды. Ағылшын тілі сабағында түрлі интербелсенді платформалар арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және әртүрлі логикалық тапсырмалар арқылы баланың сөздік қорын, ойлау және есте сақтау қабілетінің дамуына бағытталған жұмыс жүйесімен таныстырды.

Тәжірибе алмасу барысында Ұлан ауданының М.Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Е.М.Абраимова,  М.С. Ескендирова, Т.К.Файзуллина  сабаққа оқу мақсаттарын қою арқылы сабақты жоспарлау және ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқу техникасын жетілдірудің әдіс- тәсілдерімен  бөлісті.

Шеберлік сыныптың соңында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері өзара пікір алмасты.

04/01/2024 30
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ