Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) 2021 жылғы 8-12 қараша аралығында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (БАБЖМ) пәндері бойынша тест тапсырмаларын апробациядан өткізеді.
Мониторинг тек 4-ші және 9-шы сынып оқушылары арасында, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-курс және (немесе) кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша 3-курс студенттері арасында жүргізіледі. Мониторинг жүргізілетін мектептердің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі жыл сайын кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Ол мектептердің саны барлық оқу орындарының 25 пайызын қамтуы тиіс.
Апробацияға ШҚО-дан 6 мектеп қатысады, оның ішінде 5 мектеп Өскемен қаласынан және 1 мектеп Ұлан ауданынан:
1. Өскемен қаласы – №16 ОМ, №15 ОМ, №11 ОМ, №48 ОМ, №29 ОМ;
2. Ұлан ауданы – Марсеков атындағы орта мектеп.
Барлығы 440 оқушы қатысады, оның ішінде 220 оқушы 4-сыныптан, 220 оқушы 9-сыныптан.
Апробацияны Ұлттық тестілеу орталығының жетекші сарапшысы және Өскемен қаласындағы ҰТО филиалының екі сарапшысы жүргізеді.

10/11/2021 97
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы