Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Жоғары сынып оқушыларына (7, 8, 9) ШҚО кәсіпорындарының ақпараттық орталықтары бойыншаэкскурсия циклін ұйымдастыру туралы АҚПАРАТ

Жоғары сынып оқушыларына (7, 8, 9) ШҚО  кәсіпорындарының ақпараттық орталықтары бойыншаэкскурсия циклін ұйымдастыру туралы  АҚПАРАТ - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

ШҚО әкімі Д.К. Ахметовтың тапсырмасы бойынша балалар жылы аясында 2022 жылғы 19 сәуірден бастап жоғары сынып оқушыларына (7, 8, 9) Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарының ақпараттық орталықтарына экскурсия циклі басталды. Экскурсияның мақсаты – оқушылардың цифрлық технологиялар саласындағы білімдерін кеңейту, өндірістік процестің ғылыми негіздерімен таныстыру, «Smart city» бастамалары туралы түсінік беру, цифрлық технологияларды үйренуге ынталандыру.

Экскурсиялар циклі ағымдағы жылдың 19 сәуірінен бастап, әр сейсенбі және бейсенбі күндері күніне екі рет (сағат 10.00 және 15.00-де) 15 адамнан тұратын топтармен жүргізіледі.

«Жас техниктер станциясы» КМҚК-да балалар MATATALAB (мектепке дейінгі білім беру, 4-5 жас), CODRONE (жоғары сыныптар, 9-11 сыныптар), ZUMI (жоғары сыныптар, 9-11 сыныптар) робототехникалық жиынтықтарымен, «3D модельдеу», «Бағдарламалау», «Робототехника» үйірмелерінің жұмысымен және STEAM зертханасының, Arduino платформасының функционалымен танысады.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде оқушылар Виртуалдық және толықтырылған нақтылық саласындағы технологиялар құзыреті және трансфері орталығына, «Прототиптеу және материалдарды өңдеу» ғылыми-өндірістік кешенінің прототиптеу және 3Д принтинг секторына, материалдарды күрделі өңдеу секторына, сондай-ақ Д. Серікбаев атындағы «АЛТЫН АЛТАЙ» мұражайына барады.

«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-да «Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ)» ақпараттық жүйесінде электр энергиясының ақылды есептеуіштерімен жабдықтау бойынша кәсіпорынның жұмысы айтылатын болады.

Ведомствоаралық бірыңғай ситуациялық орталыққа барған кезде оқушылар «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің және «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің жұмысымен, Қоғамдық құқықтық тәртіп қызметінің және процессингтік орталықтың жұмысымен танысады, бұдан басқа, ШҚО әкімінің инвестициялық орталығы мен «Jastar Time» инновациялық орталығына бару жоспарлануда.

Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығын аралау кезінде оқушыларға 2020 жылдың желтоқсанында іске қосылған «OSKEMENCARD» электронды билеттеу жүйесінің жұмысы көрсетілетін болады.

18/04/2022 70
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы