Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

«Ұстазым менің, ұстазым!» атты облыстық бейнероликтер конкурсының қорытындысы

«Ұстазым менің, ұстазым!» атты облыстық бейнероликтер конкурсының қорытындысы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2021 жылғы 1 қыркүйектен 26 қыркүйекке дейін Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Ұстазым менің, ұстазым!» атты облыстық бейнероликтер конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты: мұғалім мамандығын насихаттау және білім алушылардың ақпараттық-графикалық мәдениетін арттыру.

Конкурстың негізгі міндеті қоғам назарын мұғалімдерді қолдау және педагогикалық кәсіптің мәртебесі мен беделін арттыру мәселелеріне аудару болып табылады.

Конкурсқа облыстың білім беру ұйымдары оқушыларының 53 жұмысы ұсынылды. Сараптау комиссиясының жұмысын бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды.

Бірінші орынды ШҚО, Аягөз ауданының «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-ның 8Б сынып оқушылары иеленді;

Екінші орынды ШҚО, Аягөз ауданының «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-ның 5В сынып оқушылары мен «Қыздар» тобы иеленді;

Үшінші орынды ШҚО Алтай ауданы «Алтай қаласының №6 орта мектебі» КММ-ның 11А сынып оқушысы Кончубаев Тимир Мадиевич иеленді.

Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!

Сонымен қатар, конкурс жеңімпаздары мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!

 

Құрметті ұстаздар, Сіздерді Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс, жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз. Білім беру қызметіндегі мейірімділік, еңбекқорлық және жанқиярлықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Білімге құштар оқушыларыңыз көп болсын. Жаңалықтар әрдайым сіздердің түлектеріңіздің үздік жетістіктері туралы хабарлап, мақтаныш сезімін тудырып, кәсіби дағдыларыңыз жоғары бағалансын!

 

01/10/2021 186
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ