Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген «#AuezovPhotoLife» облыстық конкурсының қорытындысы

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген «#AuezovPhotoLife» облыстық конкурсының қорытындысы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылғы 8 сәуірден 3 мамырға дейін облыс мектептерінің оқушылары арасында «#AuezovPhotoLife» облыстық конкурсын өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы туралы біртұтас түсінік,  кешенді білім қалыптастыру; білім алушылардың ақпараттық-графикалық мәдениетін арттыру; тұлғаның креативті қасиеттерін дамыту; фотоөнер арқылы жастардың зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық әлеуетін дамыту; ақпараттық кеңістікті кеңейту, білім беру процесіне ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу. Конкурсқа 8 конкурстық өтінім ұсынылды.

Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бірінші орын – Мустафин Дарын, Жарма ауданы «Қарасу орта мектебі» КММ-ның 10-сынып оқушысы.

Екінші орын – Қабдулсалям Сұлтанәлі, Қамбаров Темірлан, Айтқабылов Айқын,  Күршім ауданы, «№5 Күршім орта мектебі» КММ-ның 7-8 сынып оқушылары

Үшінші орын – Кенжебай Ғазиза Мейрамбекқызы, Семей қаласы, «№32 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-ның 9-сынып оқушысы.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларына сәттілік тілейміз!

Работы победителей

03/05/2022 77
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы