Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

8-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткен «Jasandy Intellekt -2022» облыстық конкурсының қорытындысы

8-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткен «Jasandy Intellekt -2022» облыстық конкурсының қорытындысы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылғы 23 ақпан мен 29 сәуір аралығында облыс мектептерінің оқушылары арасында «Jasandy Intellekt-2022» облыстық конкурсын қашықтықтан өткізді.

Жасанды интеллект – бұл адамның когнитивті функцияларына ұқсатуға (алдын ала белгіленген алгоритмсіз өзін-өзі оқытуды және шешім іздеуді қосқанда) және нақты тапсырмаларды орындау кезінде, кем дегенде, адамның зияткерлік іс-әрекетінің нәтижелерімен салыстырылатын нәтижелер алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдер жиынтығы. Технологиялық шешімдер кешеніне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, бағдарламалық жасақтама (оның ішінде машиналық оқыту әдістері пайдаланылады), деректерді өңдеу және шешімдерді іздеу бойынша процестер мен сервистер кіреді. Байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жастар арасында жасанды интеллект технологияларын, жобалау қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылықты насихаттау болып табылады. Конкурсқа 16 конкурстық өтінім ұсынылды.

Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бірінші орын – Нәбиолда Дильназ, Ермұханбетов Дияс, Өскемен қаласындағы «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ-ның 10-сынып оқушылары.

Екінші орын – Қуанышбекқызы Ақниет, Жарма ауданындағы «Ақтайлақ би атындағы орта мектеп» КММ-ның 10-сынып оқушысы.

Үшінші орын – Кабдулдинов Алишер, Гречухин Данил, Өскемен қаласындағы «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ-ның 11-сынып оқушылары.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

29/04/2022 139
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы