
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2023 жылғы 20 ақпан мен 3 мамыр аралығында облыс мектептерінің оқушылары арасында «Jasandy Intellekt-2023» облыстық конкурсын қашықтықтан өткізді.
Жасанды интеллект – бұл адамның когнитивті функцияларына ұқсатуға (алдын ала белгіленген алгоритмсіз өзін-өзі оқытуды және шешім іздеуді қосқанда) және нақты тапсырмаларды орындау кезінде, кем дегенде, адамның зияткерлік іс-әрекетінің нәтижелерімен салыстырылатын нәтижелер алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдер жиынтығы. Технологиялық шешімдер кешеніне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, бағдарламалық жасақтама (оның ішінде машиналық оқыту әдістері пайдаланылады), деректерді өңдеу және шешімдерді іздеу бойынша процестер мен сервистер кіреді. Байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жастар арасында жасанды интеллект технологияларын, жобалау қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылықты насихаттау болып табылады. Конкурсқа 8 конкурстық өтінім ұсынылды.
Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын- Жунуспеков Олжас, Темирханова Дамеля, Өскемен қ., «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ, 10 сынып.
Екінші орын- Абдрахманова Адель, Өскемен қ., «№37 көпбейінді орта мектебі» КММ, 11 сынып.
Екінші орын- Васильев Евгений, Өскемен қ., «№37 көпбейінді орта мектебі» КММ, 11 сынып.
Үшінші орын - Алимбеков Ернур, Өскемен қ., «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей» КММ, 9 сынып.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз және бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!