Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген «Jasyl Mektep-2022» облыстық конкурсының қорытындысы

5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген «Jasyl Mektep-2022» облыстық конкурсының қорытындысы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылдың 1 ақпанынан 22 сәуіріне дейін 5-11 сынып оқушылары арасында «Jasyl Mektep-2022» облыстық қашықтық байқауын өткізді.

Жасыл мектеп – мектеп оқушыларының оқу, танымдық, зерттеу және шығармашылық жобалау жұмыстары, конкурс экологияландыру, ғылыми білім, кәсіптік бағдарлау және мектеп басшылығымен сабақтан тыс уақытта оқушыларды ғылыми шығармашылыққа тарту бойынша жұмысты жандандыруға арналған.

Байқаудың негізгі мақсаты - оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамның саналы және жауапты тұтынушысын дамыту болып табылады. Білім беру ұйымдарының оқушылары арасында 22 жұмыс ұсынылды.

Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бірінші орын – Айдосұлы Әбілмансұр 8 сынып оқушысы және Дидарұлы Диас 7 сынып оқушысы, КММ «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі», Өскемен қаласы.

Екінші орын – Талғат Ерасыл и Ғариб Ілияс,7 сынып оқушылары, КММ «№47 жалпы білім беретін мектеп», Өскемен қаласы.

Екінші орын – Сейілхан Ажар, 7 сынып оқушысы, «Майемер орта мектебі», Катон-Қарағай ауданы.

Үшінші орын – Айтқазина Айшагүл Бақытқазықызы, Қабыкенова Нұрдана Саянқызы, 8 сынып оқушылары, «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі», Жарма ауданы.

Үшінші орын – Ғабидоллаев Әрсен, 8 сынып оқушысы, КММ «№ 23 жалпы орта білім беру мектебі», Семей қаласы.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Байқауға қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!

22/04/2022 88
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы