Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілетін 3D-модельдеу және ЗD-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсының қорытындысы

5-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан өткізілетін 3D-модельдеу және ЗD-баспа бойынша облыстық «3D Modeldeu Älemі» конкурсының қорытындысы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылғы 22 қаңтардан 18 сәуірге дейін 5-11 сынып оқушылары арасында 3D-модельдеу және 3D-баспа бойынша «3D Modeldeu Älemі» байқауын өткізді. Конкурс балалар мен жастар арасында 3D-модельдеу және ЗD-баспа технологияларын, жобалау қызметін, ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу және 3D-редакторлармен, ЗD-принтерлермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.

«3D Modeldeu Älemі» облыстық байқауына 38 жұмыс ұсынылды. Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бірінші орын – Байдюсенов Ернар, Бесқарағай ауданы, «Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектеп» КММ-ның 10-сынып оқушысы.

Екінші орын – Кодяков Даниил, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ-ның 9-сынып оқушысы.

Екінші орын – Ефимов Дмитрий, ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ-ның 8 it-1 сынып оқушысы.

Үшінші орын – Сержанұлы Ералы, Глубокое ауданы, «№1 Предгорное орта мектебі» КММ-ның 10-сынып оқушысы.

Үшінші орын – Қазтаев Аян, Жарма ауданы, «Ақтайлақ би атындағы орта мектеп» КММ-ның 8-сынып оқушысы.

Үшінші орын – Дәулет Жанали, Жарма ауданы, «Георгиевка орта мектебі» КММ-ның 5-сынып оқушысы.  

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!

 

19/04/2022 124
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы