
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2023 жылғы 23 қаңтардан 3 сәуірге дейін 5-11 сынып оқушылары арасында 3D-модельдеу және 3D-баспа бойынша «3D Modeldeu Älemі» байқауын өткізді. Конкурс балалар мен жастар арасында 3D-модельдеу және ЗD-баспа технологияларын, жобалау қызметін, ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу және 3D-редакторлармен, ЗD-принтерлермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.
«3D Modeldeu Älemі» облыстық байқауына 16 жұмыс ұсынылды. Сараптау комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын – Кодяков Даниил, Алтай ауданы, «Алтай қаласының мектеп – лицейі» КММ-ның 10-сынып оқушысы.
Екінші орын – Александров Данил, Ұлан ауданы, «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ-ның 11-сынып оқушысы.
Үшінші орын – Шахова Анастасия, Риддер қаласы, «№1 мектеп-лицей» КММ-ның 8-сынып оқушысы.
Үшінші орын – Сайлаубеков Алибек 5-сынып оқушысы, Сайлаубеков Дарын 7-сынып оқушысы, Глубокий ауданы, «№1 Предгорное орта мектебі» КММ.
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз! Оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!