Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Робототехника бойынша «SMART-SARBAZ» облыстық конкурсының қорытындысы

Робототехника бойынша «SMART-SARBAZ»  облыстық конкурсының қорытындысы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 1 қазаннан 2021 жылғы 20 наурызға дейін облыс мектептерінің оқушылары арасында робототехникадан «SMART-SARBAZ» облыстық конкурсын қашықтықтан өткізді.
Аталған конкурсқа 27 жоба ұсынылды.
Сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша Жарма ауданының «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ оқушылары Ілиясов Мейір мен Айтқазы Зарина «Smart Ауыл» жобасымен бірінші орынға ие болды, Көкпекті ауданының «№1 Самар орта мектебі» КММ оқушылары Лопаткин Алексей және Табылғанов Ислам «Минасыздандыруға арналған техника кешені» жобасымен екінші орынды алды, үшінші орын «Қала жағдайында қоқысты жоюға арналған автономды комбайн» жобасы үшін Өскемен қаласы №26 орта мектебінің оқушылары Коневский Андрей, Андамасов Әмір, Мағауянов Илияс, Мұзапарова Айшаға бұйырды.
Конкурс облыс мектептері оқушыларының шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін жандандыру және дамыту, сондай-ақ оқушылардың нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу және техникалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

«Smart Ауыл»

«Комплекс техники для разминирования»

«Автономный комбайн для утилизации мусора в городских условиях»

01/04/2021 574
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы