
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2021 жылғы 8 ақпан 2 сәуір аралығында облыс оқушыларына ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты облыстық бейнероликтер конкурсын өткізді.
«Менің Отаным – Қазақстан» облыстық бейнероликтер конкурсында білім беру ұйымдарының оқушылары 22 бейнеролик ұсынды. Сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша бірінші орынды Аягөз ауданы, Аягөз қаласының №6 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Бақтыақын Мұхаммед алды, екінші орынға №5 Күршім орта мектебінің 5-сынып оқушылары Тілейбек Хасан, Қамзағалиев Елжас ие болса, үшінші орынды Жарма ауданы Суықбұлақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сәбит Елдана иеленді.
Бұл конкурс өскелең ұрпақтың бойында кешенді білімді, Қазақстан Республикасы туралы тұтас түсінікті қалыптастырады;
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
3 - орын
2- орын
1- орын