
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2021 жылғы 22 сәуірде облыс мектептерінің оқушылары мен ШҚО студенттері арасында «NEW GENERATION» үздік инновациялық идеялар бойынша облыстық конкурстың іріктеу турын өткізді.
Конкурс дарынды балалар мен студенттерді анықтау, ғылымның, техниканың және өнеркәсіптің түрлі салаларында мектептегі инновациялық жобаларды қолдау және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында өткізіледі.
Конкурс оқушыларды, студенттерді жобалау қызметіне тартуға, 3D-модельдеу технологиялары көмегімен орындалған макеттерді, модельдерді, прототиптерді жасауға ықпал етеді, өнертапқыштық, конструкциялау, модельдеу және енгізу дағдыларын қалыптастырады. Бірінші кезеңде ШҚО студенттері мен оқушыларының 100-ден астам жобасы қаралды.
Сараптау комиссиясының бағалау нәтижесі бойынша екінші кезеңге үздік 41 жоба іріктеліп алынды. Екінші тур 2021 жылғы 5 мамырда онлайн режимде өтеді, оның нәтижесі бойынша конкурс жеңімпаздары жарияланады.