
2021 жылғы 26 тамызда Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы ШҚО ББ 9-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған интерактивті сауалнама өткізді.
Интерактивті сауалнама екі тілде өтті. ШҚО-ның барлық аудандары мен қалалары қатысты. Интерактивті сауалнаманы 3460 оқушы өтті. Оның ішінде 842 оқушы қазақ тілінде, 2618 оқушы орыс тілінде жауап берді.
Айта кету керек, сауалнамаға қатысушылардың 95,3%-ы оң нәтиже көрсетті, бұл оқушылардың жоғары азаматтық ұстанымын, патриоттық тәрбиесін көрсетті.
31/08/2021
133