Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

ШҚО мектеп оқушылары мен студенттері арасында «NEW GENERATION» үздік инновациялық идеяларға арналған қашықтықтан өтетін облыстық байқауының қорытындысы

ШҚО мектеп оқушылары мен студенттері арасында «NEW GENERATION» үздік инновациялық идеяларға арналған қашықтықтан өтетін облыстық байқауының қорытындысы - Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы

ШҚО ББ Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2021 жылғы 5 мамырда облыс мектептерінің оқушылары мен студенттері арасында «NEW GENERATION» үздік инновациялық идеяларға арналған қашықтықтан облыстық байқауын өткізді. Онда қатысушылар өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды.

Байқаудың мақсаты – педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласындағы құзыреттілігін жетілдіру, оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу және жаңа технологиялар мен зерттеулерге қызығушылық танытатын балалардың санын арттыру бойынша тәжірибе алмасу.

Конкурс мектеп оқушылары мен студенттерді 3D модельдеу технологияларын қолдана отырып жобалық қызметке баулуға, макеттер, модельдер жасауға ықпал етеді, ойлап табу, құрастыру, модельдеу және әзірленген жобаларды іске асыру дағдыларын қалыптастырады.

Байқау жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша сарапшылар келесі жеңімпаздарды анықтады:

"Үздік IT-жоба" номинациясы бойынша Гран-при иегері болып Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Казанцев Егор «Оқушыларға арналған биология бойынша виртуалды зертхана «Жергілікті экожүйені зерттеу» жобасымен жеңіске ие болды. Егор виртуалды зертхананы компьютерлік ойын түрінде жасады, онда студенттерге көптеген өсімдіктерді зерттеуге, сонымен қатар жаңа дағдылар мен білім алу үшін нақты құралдарды қолдана отырып зертханалық өлшеулер жүргізуге шақырылады.

1-ші орынды Зайсан ауданының Айнабұлақ орта мектебінен Омарханова Аружан "3D модельдеу көмегімен мультфильм жасау" жобасы иеленді. Аружан үш өлшемді графикада мультфильм жасау әдісінің бір нұсқасын көрсетті.

Үржар ауданының Қ.Төлеубеков атындағы орта мектеп оқушылары  Сағатпек Ринат пен Мұқашев Бекнұр ARDUINO UNO платасын пайдалана отырып, ауа температурасын, ылғалдылықты және газ деңгейін мониторингілеу үшін арнайы құрылған "Қолжетімді биогаз" жобасын ұсынды. Өз жобасын лайықты қорғаған балалар 2-ші орынды иеленді.

Семей қаласының №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінен Қожабеков Руслан мен Әбілмәжінов Нұрбектің жобасы 3-ші орынды иеленді. Оқушылар "Автоматтандырылған тұрақтарды 3D моделдеу" жобасын ұсынды.

Сондай-ақ, "Көрермендер көзайымы жүлдесі" номинациясы бойынша үздік IT-жобаға онлайн дауыс беру қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар ШҚО білім басқармасының ресми Ютуб-каналында онлайн дауыс беру арқылы анықталды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын орта мектебінен Данил Руденко мен Максим Крохин «Бейне ағындағы тұлғаларды тану» жобасымен жеңіске жетті.

Сондай-ақ байқауға ең жас қатысушылар қатысты. ШҚО білім басқармасының дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің оқушылары Филимонова Дарья, Валиев Родион, Олейник Платон, Воеводин Глеб, Сохин Марк, Өтеген Тайса "Kids Skills"номинациясына ие болды.

06/05/2021 677
Написать сообщениеОставьте свой email и мы ответим Вам как можно скорее!
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы