.jpg)
2021 жылдың 9 сәуірінен 8 мамырына дейін ШҚО ББ Білім берудегі жаңа технологиялар өңірлік орталығы облыс мектептерінің оқушылары арасында "Mäƞgılık esımızde" бейнероликтердің облыстық онлайн конкурсын өткізді.
Байқаудың мақсаты - "Мультимедиалық журналистика" құзыреттілігін көпшілікке тарату, оқушыларды ҰОС тарихы туралы кеңінен ақпараттандыру, тұлғалардың креативті қасиеттерін дамыту, ақпараттық кеңістікті кеңейту.
Байқауға 200 мыңнан астам дауыс жинаған 190-нан астам бейнеролик ұсынылды. Барлық ұсынылған бейнероликтер ШҚО ББ Мқұғто сайтында орналастырылды, онда ұнаған материалға дауыс беру мүмкіндігі берілді.
Онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша:
1-орын иегерлері Сорокина Карина және Жииндинова Аяна №8 Орта мектебі, Алтай қаласы- 16731 дауыс.
2- орынды 14658 дауыс жинап, Касанова Лейла, Полосина Вероника және Минеева Валерияның бейнеролигі иеленді №8 Орта мектебі, Алтай қаласы .
3-ші орынға 13838 дауыс көрсеткішімен Серікжанұлы Нұралидың бейнеролигі жайғасты, №1 Жалпы білім беретін орта мектебі, Аягөз қаласы.