Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің «№46 орта мектебі» КММ және «№12 мектеп-гимназия» КММ базаларында 2024 жылдың 22 шілдесі мен 17 тамыз аралығында 200 физика және информатика мұғалімдері «Актуалды бағдарламалау информатиканың басым бағыты ретінде информатиканы оқыту әдістемесі, Python бағдарламалау тілінде алгоритмдер мен деректер құрылымдары, жасанды интеллект (AI), заттар интернеті (IoT) және Дрон бағдарламалау» курстық даярлығынан өтті.
Бұл курстар мұғалімдерге интернет заттары (IoT), жасанды интеллект (AI) технологияларын сапалы және толық пайдалануға, білім беру процесінде қолданылатын озық технологияларды игеруге мүмкіндік береді.
Курс барысында мұғалімдер архитектураны зерттеп, Arduino аппараттық есептеу платформасын құрудың қарапайым схемаларын жасады, Python бағдарламалау тілінде бағдарламалауда алгоритмдер мен деректер құрылымдарын құру дағдыларына ие болды, Android және IOS операциялық жүйелерінде мобильді қосымшалар, жасанды интеллект модельдерін жасады.
Курстық даярлықта алған білімдерін 7-11 сынып оқушыларына арналған физика және информатика бойынша үйірмелік жұмыстарында қолданады.
Курс тыңдаушыларына сертификат табысталды.